I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы. 1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері


Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі206,5 Kb.
#41373
1   2

2.4. Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру


Машина-трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы.

Республикада 137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.


Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.

Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:

тракторлар -1117 дана;

астық жинайтын комбайндар - 1605 дана;

тұқым сепкіштер - 819 дана;

егіс кешендері - 394 дана;

дестелегіштер - 308 дана.

2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:

тракторлар -586 дана;

астық жинайтын комбайндар - 656 дана;

тұқым сепкіштер - 303 дана;

дестелегіштер - 140 дана.

Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады.
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарылатуға;

- қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;


- жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.

Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы.


Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады.

Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады.


Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15% ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.

Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ.

Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ.

Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде.

Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы айналым өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда 17,6 млрд. теңге көлемінде бағаланған. Оның ішінде елімізде 15,9 млрд. теңге, экспорт – 1,7 млрд. шамасында.


2007 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын және қосалқы бөлшектерді шығару көлемі 6,7 млрд. теңгені құрады.

  • ауыл шаруашылығы машиналарын және қосалқы бөлшектерін ішкі нарықта сату – 6,0 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 3,3 млрд. теңгеге көп);

  • экспорт – 0,7 млрд. теңге.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағар маймен (ЖЖМ) қамтамасыз ету.

Маусымды жұмыстар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ЖЖМ үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында:


- Ауыл шаруашылығы министрлігімен дизел отынына қажеттілігі анықталған;
- Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен республиканың мұнай өндіруші зауыттарын қажетті мөлшерде шикі мұнаймен қамтамасыз ету және дизель отынының жеткілікті көлемін өндіру туралы шаралар жасалды;
- облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту жүргізілді;
- ай сайынғы дизель отынын тиеу кестесі, МӨЗ жөндеу жұмыстары жүргізу, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жылжымалы құрамын мұнай өнімдерін құюға жіберу келісілді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу.

2007 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін республикамыздағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) ЖЖМ қажеттілігі:
дизель отыны - 328,0 мың тонна;

бензин - 56,7 мың тонна;

дизель майы - 19,4 мың тонна;

Республикамызда ЖЖМ қамтамасыз етілуі 100 % құрады.


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын еркін нарықтан да, облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту Кестесі бойынша мұнай өңдеуші зауыттардан да алды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен еркін нарықтан 64000 тонна дизель отыны көтерме және жеке бағамен 57000-61000 теңге/тонна (460-510$/тонна) көлемінде сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеуші зауыттармен 264,0 мың тонна дизель отыны тоннасын 398 – 460$ бағасымен жөнелтілді, соның ішінде:


  • «Атырау МӨЗ» ЖШС – 77100 тоннаны бағасы 53475 теңге/тонна (430-445$/тонна);
    - «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ («Меркурий» ЗК» «МанғыстауМұнайГаз» АҚ көлемінен – 100900 тоннаны бағасы 53600 және 54600 теңге/тонна ($ 432-455/тонна);

  • «Петро Қазақстан Ойл Продакте» ЖШС (Шымкент МӨЗ») 86000 тоннаны бағасы 49000 – 55000 тонна ($ 390-460/тонна).

Күзгі дала жұмыстарын жүргізу.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармаймен үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында қол жетімді бағамен сатылатын дизель отынының қажетті көлемін негізгі мұнай ресурстарын ұстаушылармен келісім жасалды (1тоннаның бағасы 460$ аспайтын еркін нарықта ҚР МӨЗ сатылатын дизель отынының бағасы 510-520$ болған жағдайда).

Технологиялық карталарға сәйкес 2007 жылғы егін егу жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жанар-жағармай қажеттілігі:
дизель отыны - 366,0 мың тонна;

бензин - 67,1 мың тонна;

дизель майы - 21,4 мың тонна;

Жалпы республика бойынша ЖЖМ қамтамсыз етілуі 100 % құрады.


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын еркін нарықтан да облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту Кестесі бойынша мұнай өңдеуші зауыттардан да сатып алды.

Мұнай өңдеу зауыттарымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 344,0 мың тонна дизель отыны 1 тоннаның бағасы 443 – 460$ жөнелтілді, соның ішінде:

АМӨЗ («Атырау МӨЗ» ЖШС) - 102 938 тонна;

ПМХЗ («Павлодар МХЗ» АҚ) - 115 785 тонна;

ПҚОП «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, Шымкент - 125 841 тонна.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен еркін нарықтан шамамен 21000 тонна дизель отыны сатып алынды.

ҚР МӨЗ дизель отынын төмендегідей бағамен жеткізуді жүзеге асырды:
АМӨЗ – 54 000 теңге/тонна;

ПМХЗ – 56100 теңге/тонна;

ПКОП – 56100 теңге/тонна.

Осы уақыт аралығында еркін нарықта орташа көтерме бағасы 63000 теңге/тонна құрады



III. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары

Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді.

Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды.

Осы міндетті орындау үшін Каспий жағалауы және оған жақын орналасқан елдердің нарықтарының стратегиялық маңызы өте жоғары.

Қазіргі уақытқа дейін осы нарықтарға Қазақстан астығын тасымалдау Ресей, Өзбекстан және Түркіменстан аумақтары арқылы темір жол бойымен жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, біздің астықтың экспортының бәсекеге қабілеттілігі осы елдердің көлік саясатына айтарлықтай дәрежеде тәуелді.    
Осы мәселені шешу үшін, әлеуетті өткізу нарықтарына отандық астықты жеткізу және Кавказ маңындағы елдердің нарықтарында орнықтыру үшін аса тиімді болып табылатын, Каспий теңізі арқылы осы елдерге экспорттық баламалы бағытты дамыту туралы шешім қабылданды.

Айтылмыш бағытта өткен жылдан бастап Ақтау портында астық терминалының өткізу қабілеттілігін арттыру бойынша және Бакуде астық терминалы мен диірмен кешенінің құрылысының жобалары іске асырылуда.


Қазақстан астығының Каспий теңізі арқылы экспортын әрі қарай дамыту және кеңейту мақсатында Поти (Грузия) және Амирабад (Иран) порттарында астық терминалдарының құрылысы бойынша қосымша жобалар іске асырылуда.
Сондай-ақ, астықты Еуропа елдеріне жеткізудің ең қысқа жолы - Қара теңіз (Украина) порттарының бірінен астық терминалын сатып алу жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске асыру қазақстандық экспорттаушылар үшін өздерінің әлемдік астық нарығындағы қатысуын бекіту және кеңейту шарттарын қамтамасыз етеді.

Одан басқа, халықаралық талаптарға сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманға сай бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл отандық еттің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттырады, ет өнімдерінің экспорттық көлемін елеулі түрде өсіреді және етті өткізудің «жайылымнан дастархан басына» кепілдендірген жүйесін бір ретке келтіреді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) мемлекеттік сараптауға берілген.


Мақтаны қайта өңдеу саласын дамыту үшін мақталықтың сортты тұқымдық материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоспардың ТЭН әзірленуде, сонымен қатар жабдықтарды жеткізуге ұсыныстар қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, «Алатау Дейри» ЖШС, «Қазкоммерцбанк» АҚ компаниясының тобы «Meridian Capital» ЖШС сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша серпінді жобаны іске асыруды жоспарлайды. Жобаны іске асыру орны - Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, мегаферманың болжаулы қуаттылығы – 110 мың тонна сүт, 220 мың тонна сүт өнімдерін, 15 мыңға жуық ірі қара мүйізді мал басын өндіру. Жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындау аяқталды, жеке қаражаттары есебінен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, азықтық дақылдардың күздік егістігі жүзеге асырылды, мегаферманың қажетті инфрақұрылымының құрылысы үшін жер белгіленді. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы лизингке малдар, жабдықтар және арнаулы техникалар, сонымен қатар өзінің еншілес ұйымы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы өндіріс қуатының құрылысына несиелік қарыз берумен болжанады. «Meridian Capital» ЖШС қаржыландыруға өзінің өтінімдерін қалыптастыруды жүзеге асырып жатыр. Жобаның операторларын мемлекеттік қолдау көрсету шаралары – жеңілдік және субсидия беру мәселесі ынталандырады.

«Халық банкі» АҚ компаниясының тобы, «Маслодел» ЖШС рапстан май және шикі сүт өндіру бойынша өндіріс құру жобасын іске асыруды жобалайды. Жоба Солтүстік-Қазақстан облысында, Петропавл қаласында және Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша және Аққайың аудандарында іске асырылады. Рапсты қайта өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 180 мың тоннаға дейін, элеватордың қуаттылығы 400 мың тонна рапсқа дейін ұлғаяды. Қоспажем зауытының қуаттылығы тәулігіне 200 тонна жемшөп өндіруге, ал мал шаруашылығы кешендері – 30 мың басқа жоспарланған. Жобаның ТЭН әзірленді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке арнаулы жабдықтар алып берумен талқыланды.

«Денсаулық өнімдері» фабрикасы құрылысының жобасы Цесна компаниясының тобы «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС арқылы жоспарланған. Жобаны іске асыру орны – Ақмола облысы. Балалар тағамын (астық тұқымдастары негізіндегі құрғақ қоспалар, көкөніс езбелері), спорттық тағамдар, диабетпен ауыратындарға арналған, әскери қызметкерлерге және тұрғындардың арнаулы топтарына арналған тағамдар, жалпы алғанда емдеу-профилактикалық қасиеті бар негізгі азық-түлік тағамдарының өндірісін ұйымдастыру жоспарланған. Зауыттардың қуаттылығы – 27 мың тонна дайын өнімдер шығару. Жоба алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру арқылы талқыланды.

«Қазақстанның астық өңдеушілер және наубайшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері серпінді жоба ретінде «Ұн және макарон өнімдері» атты ұлттық брендін құруды мәлімдеді. Жобаның мақсаты: ұн және макарон өнімдерінің ең ірі өндірушілерін осы өнімдерді әлемдік нарықтарға жылжыту мақсатымен, «Ұн және макарон өнімдері» брендінің астында біріктіру. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге және астық өңдеушілер мен тауарөндірушілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен бірігіп Тұжырымдаманы және брендін қалыптастыру шараларының жоспарын жетілдіру үшін жұмысшы тобын құрды, брендін қалыптастырудың және жылжытудың аналитикалық зерттеулері сатып алынды. Тұжырымдама жобасы жетілдіру кезеңінде.

«Raimbek» компаниясының тобы жеміс-жидек, сүт пен басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, бөліп тарату және экспорттау бойынша тікелей ықпалдасқан құрылым құру жобасын іске асыруды ұсынды. Жобаның іске асыру орны – Алматы облысы, (болжамды Панфилов, Еңбекші қазақ, Ұйғыр аудандары). Болашақта – Жамбыл облысы. Жобаны іске асыру 3 блокпен қарастырылған. Бастапқыда 3 мың гектар аумақта бау-бақшалар мен жидектіктерді құру, кейін оларды 10-12 мың гектарға дейін кеңейту, әр қайсысында 2 200 мал басы бар 4 ірі-тауарлы сүт фермаларын құру, олардың екеуі - Алматы облысында, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында бір-бірден. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы өзінің еншілес ұйымдарының күшімен несиелік қаржыландыру, техниканы, құрал-жабдықтарды, малды лизингке берумен болжанады. Қазіргі уақытта қаржыландырудың мүмкін болатын параметрлері қарастырылуда.


«Отес-Атил» компаниясының тобы биологиялық/экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның мақсаты Алматы облысының Іле-Балқаш су қоймасын дамыту. Қуаттылығы – жылына 2 мың тоннаға дейін шабақтардың бағалы тектерін, жылына 2 мың тоннаға дейін бекіре балықтарын, 15 мыңға дейін мал басын өндіру. Несие желісін ұйымдастыру үшін бизнес-жоспар дайындалып, ұсынылған. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ және «Отес-Атил» компаниясы тобының арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ аналық мал басын сатып алуға арналған айналым қаржыларын толықтыруға несие желісін ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр, тағы да балықты қайта өңдеуші 3 зауыттың құрылысына 2 млрд. теңге шамасында несие желісін ұйымдастырудың мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік негіздемесі қосымша жұмыс орындарының құрылуы, нарық жағдаятының кеңеюі, экспорттың ұлғаюы, қосымша құны жоғары дайын өнімдермен көрінеді, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық өндірістердің және соған сәйкес жалпы АӨК дамуымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік кезеңде қалыптасады.

Қорытынды


Қорытындылай келе, қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес. Бірінші бөлімде, мен агроөнеркәсіп экономикасына жалпы шолу жасап өттім. Сонымен қатар агроөнеркәсіп өнімдер нарығын талдадым. Ол жерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау , нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу мәселелерін қозғадым.

Екінші бөлімде, мен өзекті мәселелердің басын қайырдым. Онда несие беру механизмін жаңартуды, жетілдіруді, тіпті түбегейлі өзгертуді қажет екенін айтып кеттім. Ауыл шаруашылығы банкінің керек екендігін және басқа несие беру қызметтеріне («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ) қарағанда, банктің мүмкіндіктері мен артықшылықтары әлдеқайда басым. Бұл бөлімдегі тағы да бір мәселе ол лизингтік қаржыландыру болып табылады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының шағын субъектілеріне техниканы иемдену басты проблема, ал лизинг болса осы тығырықтан шығудың бірден-бір мүмкіндігі. Сондықтан қазірдің өзінде мемлекет тарапынан лизингтік қаржыландыруға үлкен мән берілуде. Мемлекет тарапынан лизинг берушілерге көптеген жағдайлардың жасалып отырғандығын айта кеткен едім. Мысалы, пайыздық мөлшерлемені төмендету, Қазақстанға әкелінген техниканы баж салығынан босату және сол сияқты.

Ал үшінші бөлімде қарастырылған мәселелердің бірі – бұл мемлекетіміздің ДСҰ-ға кіру карсаңында ауыл шаруашылығын барынша әлемдік стандарттаға сәйкестендіру. Сонымен қатар , ол ұйымға кірудегі оң және теріс жақтарын айтып кеттім.

Бұл бөлімде курстық жұмыстың басты мәселесі – ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын айта кеттім.

Биологиялық ресурстарымыз ауылда, минералды ресурстарымыз ауылда, моральдық ресурстарымыз ауылда. Бәрi ауылда. Тек капитал ауылда емес, билiк ауылда емес, элита ауылда емес. Соңғы үшеуінің ауылға келген жағдайда ғана – ауыл гүлденеді, көркейеді, өркендейді..........


Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенова, А.Ә.Жантаева Қаржылық есеп оқу құралы, Алматы Экономика 2001

2. Кеулімжанов К.Қ., Төлегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Құдайбергенов Н.А. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. – Алматы : Экономика,1998.

3. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1999.

4. Э.Т. Төлегенов. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика, 2001.

5.С.С. Сатыбалдин. Кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарына талдау. Алматы, 1989.

6. Ш.М. Каланова, Ю.В. Дубский. Методическое пособие по планированию и организация дипломного проектирования. Тараз, 1999

7. Е.М. Уркунчиев, М.К. Баимбетов. Рабочая программа прохождения преддипломной практики для студентов специальности 0708 – “Экономика социология труда”. Тараз, 2002.

8. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Қазақстан Республикасының салық кодексі.

9. Ануфриев В. Е. Учет капитала предприятия Бухгалтерский учет. 2001. №5с. 5-1

10. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансы хозяйствующего субъекта.- Москва.: «финансы и статистка», 1998-112 с.

11. Ефимова О.В. Анализ собственного капитала. Бухгалтерский учет №1. 1999.

12. Ковалев В.В. Модели анализа и прогнозирование источников финансирования Бухгалтерский учет №7 2000 г.

13. Павлова Л.Н. Финансы предприятий. М.; финансы. 1998.

14. Палий В.Ф., Палий В.В. финансовый учет. М; Пресс. 1999.

15. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.

Минск; ООО «Новое знание», 2000.



16. Хорин А.Н. «Финансовая отчетность организации: цель составлениям/Бухгалтерский учет. 2004 №7

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет