«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ



бет16/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Физикализм-сана мәселесін қарастырудағы шектен шыққан материалистік көзқарас, олардың пікірінше, өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды және оны физика, өзге жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерімен ұғынуға болады,- дейді.
Физикализм мына деректерге сүйенеді:
· адам миы шын мәнінде табиғаттың ең күрделі"механизмі", материя ұйымдасуының жоғары деңгейі;
· адам санасы мисыз өмір сүре алмайды, ал ми - биологиялық орган;
· адамзат жасанды интеллект- компьютер, яғни материалдық объект жасай алады;
· адам организміне, ағзасына медикаментоздық әсердің болуы, оның санасын өзгертуге әкелуі.
Бірақ, физикалистерді сананың идеалдығы тұйыққа тірейді. Адам санасындағы бейнелер материалдық сипатқа, яғни масса, иіс, форма және т.б. ие емес. Соған қарамай физикализм (әсіресе неопозитивизм шеңберінде) кең тараған:
· "барабарлық теориясы" (Д.Армстронг, Дж. Смит) - рухани процестерді өзге тәндік процестерге - қан айналым, дем алу, мидағы құбылыстарға телу;
· "элиминация" теориясы (Ф.Фейерабенд) - "рух", "руханияттық" ұғымдары ескірген, ғылыми емес, сенушілікке негізделген деп дәлелдеу;
· тұрпайы материалистер теориясы (Фохт және т.б.) - "бауыр өтті қалай шығарса, мида ойды солай шығарады".
Солипсизм– бұл да шектен шыққан көзқарас, жеке адам санасы – ең айқын, дәлелденген шындық, ал материалдық дүние – тек жеке сана туындысы (Бұл субъективтік идеализм өкілдері – Беркли, Юм, Фихте және т.б.).
Физикализм мен солипсизм аралығында тұратын көзқарастар:
· объективтік идеализм– сананың да, материяның да барлығын мойындайды, бірақ сананы алғашқы, «объективтік, әлемдік сана» деп ұғынады.
· байсалды материализм– сана материяның ерекше қасиеті, жоғары ұйымдасқан материяның өзін өзі бейнелуі (идеалдықты да мойындау) деп ұғыну. Бұл кеңестік, ресейлік философияға тән көзқарас.
Сонымен қатар сананың шығу тегітуралы мәселе де күрделі, оның негізгі үш түрін атап өтейік:
· сананың ғарыштық (немесе құдаи) пайда болуы;
· сана барлық тірі организмдерге тән;
· сана – тек адамға ғана тән құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет