«Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға облыстық қазақ гимназия-интернаты»ММ



Дата21.01.2022
өлшемі42,5 Kb.
#113178
Байланысты:
балалар тагамы аспазшы
каз т эссе, 8-сынып Информатика ағылшын тілінде, Информатика 9kz-ru, VI нұсқа (1)

«Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға облыстық қазақ

гимназия-интернаты»ММ



БЕКІТЕМІН

Директор _________Сулейменов Ж.Н.

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУ



Балалар тағамы аспазшысы
1. Жалпы ережелер

  1. Балалар тағамы аспазшысы кәмелетке толған. тиісті кәсіби білімі және жұмысқа кіруге медициналық рұксатнамасы бар тұлғалар арасынан директорының бұйрығы бойынша тағайындалады және босатылады.

  2. Балалар тағамы аспазшысы мыналарда білуге тиісті:

    • әртүрлі тағам өнімдерінің сипаттамасын және биологиялық құндылықтарын, өнім сапасының белгілерін және оларды анықтаудың органолептикалық әдістерін;

    • шикізат өнімдерінің, жартылай дайындалған өнімдердің (полуфабрикаттардың) және әзірленген тағамдардың сақталу мерзімдерін және пайдалану уақыттарын;

    • балаларға арналған тағам өнімдерін аспаздық өндеу ісінің ерекшеліктерін;

    • бірінші, екінші. үшінші реттегі тағам түрлерін, салқын күйінде берілетін дәмдер мен қамырдан жасалатын өнімдерді жасау технологиясының негіздерін;

    • тағам өнімдерін жылу арқылы өңдеу, қайнату, қыздыру. үдемелету, пісіру процестері рсжимі мен уақыттық параметрлерін;

    • қолданылатын жабдықтарға тағамдық шикізаттардың салыну нормаларын, арақатынастарын және өзіндік реттерін;

    • әзірленген тағамды балалардың жасына сәйкес үлестік бөлу тәсілдерін;

    • тағам өнімдерін ауыстыру жөніндегі таблицаны қолдану ережесін:

    • қолданыстағы механикаландырылған, жылытқыш, өлшегіш, мұздаткыш және басқа жабдықтардың құрылғылары мен жұмыс істеу принциптерін, оларды пайдалану мен күтім жасау ережелерін;

    • ас дайындау бөлігін талапқа сай ұстаудың санитарлық ережелерін;

    • жеке гигиена ережелерін;

    • тағамнан улану жағдайының;

    • балаларға тағам үлестіру ережелерін;

    • ішкі еңбек тәртібі ережелерін.


2. Лауазымдық міндеттері

Балалар тағамы аспазшы мынадай міндеттерді атқарады:



  • әр түрлі жармалардан жасалатын ботқалар; қайнатылып, бұқтылып, қыздырылып пісірілетін, езіліп дайындалатын (пюре) дәм түрлерін, көкөністі ас мәзірлерін; бақша өнімдерінен, жемістерден дайындалатын, жемісті-көкөністі, етті-көкөністі салаттар, винегреттер әзірлейді;

  • ет сорпасын, тауық сорпасын әзірлеіді, сондай-ақ вегетариандық (етсіз), пюре түріндегі, салқын көжелер мен сүйек сорпасын қосып жасаған көжелер дайындайды;

  • әртүрлі құырмалар, томатты, қаймақты, сүтті және жемісті соустар; суфле, тефтель, гаше, котлет, гуляш және басқа да мал етінен, тауық етінен жән балықтан жасалатын дәм түрлерін; «субпродуктілерден» әзірленетін тағамдар; жармадан жасалатын «запеканкалар»; ет, жұмыртқа, сүзбе қосылған көкөніс дәмдерін; сүт, жұмыртқа қосылған тағамдар; ыстық және салқын сусындар, жеміс пен көкөніс шырындарын, компот, кисель, морс, мусс желе түрлерін, тағы басқа да үшінші реттік дәм түрлерін даярлайды;

  • ашытылған және ашытылмаған қамырларды илейді, олардан бөлкелер (булочкалар), бәліштер (пирожкилер), құймақтар (оладьялар), жұқа құймақшалар (блинчиктер), ватрушкалар (ішіне ірімшік салып пісірген нан), кептірілген нан (сухариктер) және басқа да тамақ өнімдерін әзірлейді;

  • жас ерекшеліктеріне сәйкес белгіленген нормалар бойынша дәм үлестерін бөледі және таратады;

  • күн сайынғы ас мәзірін жасауға қатысады;

  • азық-түлік өнімдерінің дұрыс сақталып орнымен жұмсалуын қамтамасыз етеді;

  • ас түрлерін әзірлеп, тағамдық өнімдерді дайындау кезінде қосымша опреацияларды атқарады;

  • тиісінше маркіленген тақталарды және пышақтарды пайдалана отырып шикізат пен қайнатылған өнімдерді дәм әзірлеу үшін дайындайды;

  • балық және ет сорпаларын міндетті түрде сүзгіден өткізеді;

  • талаптарына сәйкес бүкіл күндізгі рационның тәуліктік сынамаларын алып, сақтайды.

3. Құқықтары

Балалар тағамы аспазшы мыналарға жауап береді:



  • осы нұсқаулықта қарастырылған өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін – ҚР Еңбек кодексіне сәйкес.

  • балалар тағамы аспазшысының кінәсінен кем шығу немесе өнімдердің бұзылу жағадайына байланысты келген материалдық залал үшін – ҚР Еңбек кодексіне сәйкес толық материалдық жауапкершілікке тартылады.

КЕЛІСІЛДІ



«__» 20_

Лауазымдық нұскаулықпен таныстым:

/

«__» , 20_

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет