Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді
Белгілі сыншы, мәдени сарапшы Әлия Бөпежанова қазіргі театрлар туралы өз
пікірін білдірді.
– Бүгінгі Қазақстандағы қазақ театрларының жай-күйі туралы не айта аласыз?
Театр сыншысы ретінде ойыңыз қандай?
Әрине, әлемдік театрмен бүгінгі қазақ театрын салыстыра алмаймыз. Себебі бірнеше
мың жылдық тарихы бар әлемдік театр ӛнерінің бүгінгі даму қарқыны кӛз ілеспес
жылдамдықпен алға қарыштап кеткен. Режиссура, драмматургия, актерлік ӛнер,
техникалық мүмкіндіктер, спектакльдерді жарнамалау әлемдік театрларда әлдеқашан
игерілген. Сондықтан да әлемдік театр ӛнеріндегі жаңалықтарды бақылаудың ӛзі мүмкін
емес. Бүгінгі таңда біздің қазақ театрына «жаңа драматургия» мен «жаңа режиссура»
қажет. Біз әлемдік театрларда болып жатқан театрлық ағымдар мен үрдістерді бақылай
отырып, ӛзіміздің ұлттық актерлік мектебімізді сақтап, ұлттық келбетімізді кӛрсететіндей
деңгейден кӛрінуге тиіспіз.
– Қазақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше
алаңдатады?
– Меніңше, театрлардың басты проблемасы – репертуар таңдау мәселесі. Театр
мамандары тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Театрлардың репертуарында замандастар
ӛміріне қатысты жазылған шығармалар, әлемдік және ұлттық классикалық пьесаларды
сахнаға шығару тӛмендеп кеткен екен. «Репертуар – театр айнасы» деген сӛз бекер
айтылмаған. Себебі репертуардағы шығармалардың сапасымен театрдың бейнесі
айқындалмақ. Әр театрдың репертуары сол театрдың ӛзіндік ерекшелігін ескере отырып
жасалады. Сондықтан да бүгінгі қазақ театрларына жастардың патриоттық сезімдерін
ұштайтын ұлттық салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді насихаттайтын пьесаларға орын
берілуі керек деп есептеймін.
– Әрине, пікіріңіз орынды, дегенмен қоғамның сұранысы дейтін мәселе де бар.
Бүгінде әзіл-сықақ театрларының айы оңынан туып тұрған сияқты. Осы туралы ойыңыз
қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары кӛп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты.
Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін кӛтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар
қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гӛрі отбасы-ошақ қасы сияқты жеңіл-желпі
тақырыптардың айналасынан аса алмай жүр. Кез келген ӛнер адамы саясаткер болу керек.
Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер
қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі ӛте жоғары,
ой-ӛрісі кең болуы тиіс. Ӛнерде интеллектуалдық ізденіс кӛбірек керек. Меніңше, әзіл-
сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…(324 сӛз)
Достарыңызбен бөлісу: |