І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет156/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
ЖАҢА ГРАММАТИКАНЫҢ
ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ЖАЙЫНАН
1
 
 
І. Сөйлемнің сазы 
Сөйлемнің түр-түрі толып жатыр. Сондықтан әр түрін айырып, таптастыруға 
болады. Мысалы, жай сөйлем, жайылма сөйлем, күрделі сөйлем т.т. немесе, леп 
сазды сөйлем. Мұның алдыңғы үшеуі сөйлемнің қандай мүшелері бар, қандай 
мүшелері жоқ болу жағынан, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің қандай 
мүшелерден құралғанын, қысқасы, сөйлемнің мүше құрылысы жағынан қарап 
айырғандағымыз. 
Соңғысы олай 
емес, 
басқа түрлі 
белгісіне 
қарай 
айырғандығымыз. 
Сөйлемнің тек бастауыш мүшесі мен баяндауыш мүшесі ғана болып, 
тұрлаусыз мүшесі болмаса, оны жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: бала оқиды. Мұнда 
бастауыш – 
бала
, баяндауыш – 
оқиды
. Бұл екеуінен басқа мүше бұл сөйлемде жоқ. 
Егер, 
бала жақсы оқиды
десек, онда бастауыш пен баяндауыштан басқа 
жақсы
деген тұрлаусыз мүше де бар болып шығады. Бұл 
оқиды
деген мүшені анықтап тұр. 
Тұрлаусыз мүшесі болғандықтан, бұл сөйлем жайылма сөйлем болады. Осы сияқты 
ақылды бала жақсы оқиды
деген сөйлем де жайылма болады. Өйткені, мұнда, 
бірінші – 
ақылды
, екінші – 
жақсы
деген тұрлаусыз мүшелер бар. Жайылма 
сөйлемнің тұрлаусыз жетегі бар мүшесін жайылма мүше дейміз. Сөйлемнің бір 
мүшесі тек жайылма болып қоймай, өзі бір сөйлем болып құралса, өзін сөгіп алып 
ішін ақтарғанда, бірі бастауыш, бірі баяндауыш болып шықса, ондай сөйлемді 
күрделі сөйлем дейміз. Мысалы, 
ақылы көп бала жақсы оқиды
. Бұл сөйлемнің 
бастауышы – 
бала.
Баяндауыштың жетегі тек 
көп
деген сөздің өзі емес. Мұның өзі 
бір сөйлем: 
ақылы
бастауыш
көп
– баяндауыш, бұл 2 сөз бір қосылып, сөйлем 
болады да, сол сөйлем күйімен барып бала деген бастауышқа анықтауыш болады. 
Осы сияқты, сөйлемнің басқа мүшелері де күрделі бола береді.
Сөйлем түрлерінің басқаларын қоя тұрып, осы 
жалаң, жайылма, күрделі
деген үш түрінің өзін қалайша таптастырғанымызды көру қиын емес. Біреуі – 
тұрлаусыз мүшесі болғасын жайылма атанған, енді біреуі – бір мүшенің өзі 
жайылма бола тұрып, бөтен жайылмалардай емес, бір сөйлем болып 
құрылғандығына қарай, күрделі деп атанған. Қысқасы, сөйлемді бұлайша 
таптастыру – сөйлем мүшелерінің белгілі түрде құралуына қарай таптастыру болып 
шығады. Сөйлемді екінші түрде таптастыруға да болады. Сөйлемді қандай мүшесі 
бар, қандай мүшесі жоқ деп, немесе қай мүшесі қалай құрылған деп айырмай-ақ, 
айтқанда оны қандай 
үнмен
, қандай 
сазбен
айтқанымызға қарай да таптастыруға да 
болады. Мысалы, 
cен оқысайшы
деген сөйлемді бір түрлі сазбен айтсақ, бұйырып 
айтқан болады да, екінші түрлі сазбен айтсақ, жалынып айтқан болып шығады. 
1
Бұл материал алғаш рет «Ауыл мұғалімі» журналының 1937 жылғы 1-3 сандарында 
жарияланған. Қ. Жұбанов мұнда өзінен бұрынғы қазақ тіліндегі грамматика авторларының 
бірқатар анықтамалары мен қолданған терминдерін сынға алған. 1966 жылғы «Ғылым» 
баспасында жарияланған Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты кітабында, сол 
кездегі саяси жағдайға байланысты, аталған мақаланың біраз жері (7-8 бет) қысқартылып 
берілген болатын. 
1999 жылғы және осы басылымдарда 1937 жылғы жарияланған мәтін қысқартылмай 
берілді. – Редакция алқасы. 


Міне, мұнда біз сөйлемнің бұйрық ретінде айтылғаны мен жалыныш ретінде 
айтылғанын қалай айырып отырмыз? Қандай мүшесі бар, қандай мүшесі 
жоқтығына қарап па? – жоқ, олай емес. Өйткені, екі түрлі айтқанда да сөйлем 
мүшелері өзгерген жоқ, екеуінде де мүше екеу –екеуден; оның бірі – бастауыш 
(сен), екіншісі – баяндауыш (оқысайшы). Құрылысы жағынан мұның екеуі де 
жалаң сөйлем. Оның үстіне екеуінің мүшелерінің құрылысы ғана емес, сөздері де 
бірдей. Сөйте тұрып, осы сен оқысайшы деген бір сөйлемнің өзін екі түрлі 
айтқанда екі түрлі мағына ұғамыз. Бұл екі түрлі мағына қалайша білініп тұр? 
Сөйлемнің әнінен, үнінен (сазынан). Өйткені, сөйлемдегі сөздердің мағынасы 
түрленсе ғана дыбыс сазы (әні) түрленеді. Сөзде бос тұрған нәрсе жоқ, бәрі де бір 
керекке жарап тұрады. Дыбыс сазы да сөздің бір керегін өтеп тұрады. Бұл арада 
дыбыс сазының әр түрлі болуы мағынаның әр түрлі болғанын көрсетіп тұр. 
Сөздің мағынасын түрлендіру үшін бірде оған басқа бір сөз әкеліп қосамыз. 
Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет