І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет160/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
Тұрлаусыз мүше деп атау
– өз орнында, бастауыш пен баяндауышты 
тұрлаулы мүше деп атаған жерде, жеткілікті болса болар, бірақ бұл арада 
жеткіліксіз болады. Өйткені бастауыш пен баяндауыш деген терминдер бұл 
мүшелердің тұрақты-тұрақсыздығына қарап емес, сөйлемде қандай қызмет 
атқаратындығына қарай қойған аттар. Сөйлемде баяндау қызметін атқарып 
тұрғанына қарай баяндауыш деп атағанымыз сияқты, басқа мүшелерді айқындап 
тұрғанына қарай айқындауыш деп атау дұрыс болады.
Қашан да, қайда болса да, таптастырудың негізгі шарты – бір негізге 
құралған, бір өлшеумен өлшенген болу. 
Мысалы, қатар тұрған екі ағаштың біреуін құлаштап өлшеп, бес құлаш екенін 
біліп, екіншісін қарыстап өлшеп, елу қарыс екенін біліп алып, онан кейін бұл екі 
санды қосып: «
Екі ағаштың ұзындығы – елу бес қарыс» 
деуге де,
 «елу бес құлаш»
деуге де болмайды.
 
Өйткені, мұндағы
елу бес
деген сан бір өңкей өлшеулерден 
пайда болған қосынды емес, әр түрлі өлшеуден құралған. Сондықтан бұл күйінде 
екеуін қосып, бір санмен атауға болмайды. Егер бұл екі ағаштың екеуі қосылғанда 
қандай ұзындық пайда қылатынын санмен көрсеткіміз келсе, не қарыстап қана, не 


тек құлаштап қана өлшеп, немесе қарыштап өлшегенді құлашқа, болмаса, 
құлаштап өлшегеннен шыққан санды қарысқа айналдырып, бір өңкейлеп алып
сонан кейін ғана неше құлаш екенін немесе неше қарыс екенін айтуға болады.
Қай нәрсені өлшегенде де, бір өңкейлеп алмай болмайды. Сөйлемде де 
осылай. Сөйлемнің бірқатар мүшесін мағынасына қарай атап тұрып, енді 
бірқатарын тұрақты-тұрақсыздығына қарай атаушылық – жаңағы қарыс пен 
құлашты қосып жіберіп санаған сияқты болады. Осындай болмасын десек
бастауыш пен баяндауышты мағынасына қарай топтап, айқындауыш деп атаған 
жөн. 
Қазақ тілінің бұрынғы грамматикаларында айқындауышты бірде үш топ 
қылып, бірде екі топ қылып көрсететіндігін жоғарыда айтып едік. Олардың 
таптастыруы неге дұрыс емес? Енді осыған келелік. А. Байтұрсынов бұларды тек 
мағынасына қарай айырған. Онда да қазақ тілінің өзі тудырған мағыналары емес, 
орыс тілінің мағынашыл грамматикасындағы жіктеулерді әкеліп, өлшемей-
шақтамай, қазақ тілінің мойнына қамытша кигізе салған. А. Байтұрсыновша 
сөйлемнің басқа бір мүшесін анықтап тұрған сөзді анықтауыш дейміз; толықтап 
тұрған сөзді толықтауыш дейміз, пысықтап тұрған сөзді пысықтауыш дейміз. 
Міне, А. Байтұрсыновтың бар айтқаны осы ғана. Бұлардың әрқайсысының 
формасында, басқа сөздермен қатынасуында қандай айырмашылық бар – оны А. 
Байтұрсынов сөз қылмайды. Сондықтан әлгідей қылып түсіндіру – анықтап тұрған 
болса – анықтауыщ, толықтап тұрған болса – толықтауыш, пысықтап тұрған болса – 
пысықтауыш дейміз деп таптастыру «сиыр дегеніміз – сиыр» деп түсіндіргеніміз 
сияқты жалаңаш тавтология болады. Шынында, анықтаудың пысықтаудан
толықтаудан қандай айырмасы бар екенін А. Байтұрсыновтың өзі де түсіне алмаған. 
Осының кесірінен «Тіл құралға» сүйенген мұғалімдер анықтауыш пен 
пысықтауыштың, пысықтауыш пен толықтауыштың арасын аша алмаушы еді. 
Өйткені, бір сөздің өзі бір мағынада, бір формада тұрып-ақ бірде анықтауыш болып 
немесе бірде пысықтауыш, бірде толықтауыш болып саналушы еді. Мысалы 
жақсы
деген сын есім мен 
екі
деген сан есімді алалық, 
жақсы бала, екі
бала деген 
тіркестерде бұларды анықтауыш дейді. Ал 
жақсы келдің

екі келдің
деген 
тіркестерде сол жақсы мен 
екі
-нің өзін пысықтауыш дейді. Сонда анықтауыш 
пысықтауыштың ара-арасын олар, өздері мағынасында деп біледі. 
Сол мағынасының өзін-ақ қарастыралық. 
Жақсы
деген сөз бала деген сөздің 
мағынасын айқындағанда, жақсы мағынасында болып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет