І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет162/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
Жақсы келдің, екі келдің
деген 
мысалдарда айқындалушы сөз – келдің деген етістік болғандықтан, жақсы мен екі 
сөздерін өз басының не болғанына қарамай-ақ, морфологияда – үстеу, синтаксисте 
пысықтауыш десек, бұл ана, 
жақсы жігіт

жақсы қыз
деген уақытта, өз басының 
белгілеріне қарай шешпей, қай жыныстың жақсылығын көрсетуіне қарап, өмірде 
бойына еркектік пен ұрғашылық бітіп көрмеген жақсы, екі деген сөздерді бір 
жерде еркек, бір жерде ұрғашы сөз деп айырған сияқты болар еді. 
Сөзді былай таптастыруға болмайды. Айқындалушысы қандай сөз болғанына 
қарап, айқындауышты таптастыру – адасқандық. Айқындауыштың өз басының 
қандай екендігіне қарап қана таптастыруға болады. Біз осылай етіп отырмыз.
Жақсы 
деген сөз бен 
екі
деген сөз еркектің жақсылығы мен екеулігін көрсете 
ме? Әйелдің жақсылығы мен екеулігін көрсете ме? Немесе заттың я істің жақсы 
мен екеулігін көрсете ме? Онда біздің ісіміз жоқ. Осы 
жақсы, екі
деген сөздердің 
өз басы қандай күйге түседі? – сонысына қарап қана, бірде сөйлемнің ана мүшесі, 
бірде мына мүшесі деп таптастырамыз. Дұрысы да осы болу керек. 


«Тіл құралда» бірімен-бірі шатасып жүрген мүшелер жалғыз анықтауыш пен 
пысықтауыш қана емес еді. Пысықтауыш пен толықтауыш та шатаса беруші еді. 
Қалтасынан түсті десек, қалтасынан
деген сөз толықтауыш болып саналатын еді 
де, 
шалқасынан түсті
десек, шалқасынан деген сөз – пысықтауыш болып 
саналатын еді. Екеуі де шығыс жалғаулы сөздер бола тұрып, сөйлемнің бір түрлі 
мүшесі болмай, әр түрлі мүшесі болып кетуші еді. Сондықтан мұндайлардың 
қайсысы анықтауыш, қайсысы пысықтауыш, қайсысы толықтауыш екенін айыру 
қиын еді. Қиын ғана емес, айырудың мүмкіншілігі жоқ еді. Олай ету мұғалімдерді, 
оқушыларды тек шатастыру үшін, сандалту үшін ғана болмаса, сөйлем мүшесін 
айырып білу үшін керегі жоқ еді.
«Тіл құралдың» сөйлем мүшелерін айыруға өлшеу қылатын жалғыз құралы 
сұрау болатын. Сөйлемнің әр мүшесінің әр түрлі сұрауы болады деп түсіндіреді де, 
сонан кейін анықтауыштың сұрауы: қандай? пысықтауыштың сұрауы қалай? 
нешік? қайтіп? неліктен? не үшін? т.т. деп, сұрау болған жердің бәрін тізетін. Бұл 
сұраулар бірде мүшеге тура келсе, екіншіде екінші мүшеге тура келеді. Сондықтан, 
сөйлем мүшелерін сұрауға сүйеніп қана айыра алмай, жұрттың басы қатушы еді. 
Мысалы – 
тас үй
деген сөз тіркесінде 
тас
деген сөз анықтауыш. «Тіл құралда» 
мұны анықтауыш дейді. Бірақ «Тіл құралдың» анықтауышқа арналған 
сұрауларының ішінде бұған лайық сұрау жоқ. Өйткені, тас деген зат есім, зат 
есімнің сұрауы не? кім? дегендер ғана болады деп, «Тіл құралдың» өзі жазады. 
Сондықтан 
мынау
не
үй
? деп сұрап, оған: 
бұл тас
үй
деп жауап беруге де болады. 
Қазақ тілінде сөз таптарының бәрі де баяндауыш бола алады. Сондықтан 
баяндауышқа сұрау болған жердің бәрін де беруге болады. Бірақ «Тіл құрал» 
сөйлем мүшелерін айырарда қазақ тілінің өз заңына сүйенбей, басқа тілдерге 
арналған заңдарға сүйеніп, баяндауыштың жайын бұрмалап кеткен. Сондықтан 
«Тіл құралша» тек сұрауға ғана сүйенсек, анықтауыш пен толықтауыш былай 
тұрсын, баяндауышты да тауып алуға болмайды. Өйткені, бастауыштың сұрауы – 
кім? мен не? деп үйреткеннен кейін, кім? не? деген сұрауларға жауап болатын сөз 
тек бастауыш болу керек болады. Бірақ, қазақ тілінде олай емес. 
Мынау кісі

Мынау 
кітап
деген сөйлемдерде 
кісі, кітап
деген баяндауыштар зат есім болғандықтан, 
мынау кім, мынау не? деген сұрауларға жауап болып тұр. Бастауыш пен 
баяндауыштың өзін «Тіл құралда» осылайша шатастырып қойса, тұрлаусыз 
мүшелерге келгенде онан да жаман шатастырған. Өйткені, бір сөздің өзі бірнеше 
түрлі сұрауларға жауап беруі мүмкін. Ал «Тіл құрал» сұрауларды күні бұрын 
сөйлемнің әр мүшесіне үлестіріп қойғандықтан, «Тіл құралша» бір сөздің өзі ана 
мүше де, мына мүше де бола беруге мүмкін. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет