Қуаныш райын ақын «
жүрек тулайды
» деп білдіреді.
Арнаулы одағай сөздермен де (түбір, шылау, тапсыз-ақ) көңіл райын
білдіруге болады.
Па, шіркін! Өмір болсаң, бол осындай!
Болалсаң, болып тұрсаң болатындай.
Шекспир, Пушкин, Байрон, Аристотель
Ойға ерік бере алмаған о да осындай
(Асқар)
Мырқымбай, Мырқымбай!
Бай-бай-бай ....
Жүрмейсің жай
(Бейімбет)
Бай-бай-бай
– ызалануды білдіретін одағай.
Қап
– опыну одағайы (
қап, байқамай қалған екем!
).
Ишша
– жиіркену (
ишша, күннің суығы ай!
).
Алақай!
– қуану одағайы (
алақай, әкем келді!
),
Бәрекелде
– ұнату одағайы (
бәрекелде, ризамын
).
Бұлар көңіл одағайы, өйткені көңіл райын хабарлайды. Құрылысы жағынан –
жеке сөз, мағынасы жағынан – сөйлем.
Көңіл райын білдіретін амалдардың ең негізгісі – сөздің әні. Сондықтан
бұлар осы одағайға арналып жасалғанмен, әніне қарай көңілдің әр райын білдіріп
кете береді.
Ойбай
– шошыну одағайы; бірақ ол таңдану әнімен айтылса, таңдану
одағайы болады; «
бәрекелде
» де өзгереді.
Мысалдар:
алақай, әттең, әттегене-ай, қап!
Ойбай
(жұлып алғандай айту,
жай айту);
қап, сені ме! қап, бәлем
(кіжіну);
ойбой
(таңдану орнына ұнатпау);
апырмай, япырмай, ойпырмай
(әніне қарай: үрейлену, таңдану, күйзелу).
Пай, паһ,
па
(таңдану);
ишша, ишшаһ
(тоңу, жиіркену);
түу, түуһ
(кейде таңдану, ұнатпау);
уһ
(қайғыру, шаршау);
оһ, аһ
(қайғыру, опыну, таңдану);
айхай
(рақаттану);
әй, өй,
ей, ай, ой
– тиісті әнімен айтылса таңдану, кемсіну, оңай көру т. б. мағыналарда.
Иә, пәлі
– кейде кекесін;
омай! омай, шіркін! –
кем тұту, кекету.
Тәуелдеулі, жіктеулі сөздерден жасалған:
қарағым, айналайын, қалқам,
сәулем
сияқты тәуір көру, кекету одағайлары да бар; бұлар да, осы тәрізді басқа
сөздер де тиісті әнінде тұрса ғана одағай болады.
Әні сай келсе таптасқан сөздер де, сөйлемдер де одағай болады.
Одағайланған атауыш сөздердің мысалы:
сабай-ай! қасқа-ай! cабылан-ай (саңлақ-
ай(?), сөз-ақ! мәссаған!
Одағайланған сөйлемдер:
ісің бар болсын! жүзің айдай болсын! келбетіңе
болайын!
(Автор жазушылардан көп мысалдарды теріп алған).
Достарыңызбен бөлісу: