С2O42- оксалат иондарының реакциялары
С2O42- оксалат-ионы Н2С2O4 қымыздық қышқылының анионына жатады. Бұл қатты, суда жақсы еритін қышқыл, әлсіз электролит.
1. ВаСl2 барий хлориді С2О42- анионымен ақ түсті барий оксалаты тұнбасын түзеді:
(NH4)2C2O4 + BaCl = ВаС2O4↓ + 2NH4Cl
Тұнба хлорсутекте, азот қышқылында және қыздыру кезінде сірке қышқылында ериді.
2. СаСl2 кальций хлориді оксалат-ионымен минералды қышқылдарда еритін, ал сірке қышқылында ерімейтін ақ кристалды кальций оксалаты тұнбасын түзеді:
(NH4)2C2O4 + СаСl2 = CaC2O4↓ + 2NH4Cl
3. КМnO4 калий перманганаты қышқылдық ортада оксалат-ионын көміртегі (IV) оксидіне дейін тотықтырады. Бұл кезде МnO4- ионы түссіз ионға Мn2+ дейін тотықсызданады және ерітінді түссізденеді:
5(NH4)2C2O4 + 2KMnO4 + 8H2SO4 = 10CO2↑+ 2MnSO4 + K2SO4 + 5(NH4)2SO4 + 8H2O
3.16 Екінші аналитикалық топ аниондарының жеке реакциялары
Екініші топ аниондарына Сl-,Br-,I-,S2- және SCN- иондары жатады. Бұл аниондар күміс ионымен суда қиын еритін және сұйылтылған азот қышқылында ерімейтін тұздар түзеді. Сұйылтылған азот қышқылы қатысында топтық реактиві AgNO3 болып табылады. Бұл жағдайда AgNO3 бірінші топтың аниондарымен тұнба түзбейді. Екінші топ аниондарының барий тұздары суда ериді.
Ағза үшін хлоридтердің маңызы зор. Натрий және калий хлоридтері жасушадағы осмостық қысымды реттейді, жасушалар құрылымына қатысады. Хлоридтер судың сапалығын анықтайды. Иод қалқанша безіндегі гормондардың түзілуіне қатысады. Ауыз судың құрамында иодиттері жоқ немесе артық мөлшерде болған суды ұзақ уақыт пайдалану эндокринді аурудың себепкері болуы мүмкін.
Натрий, калий және кальций хлоридтері инъекциялық ерітінділер ретінде қолданылады. Калий және натрий бромидтері тыныштандырғыш ретінде қолданылады.
Калий және натрий иодиттері қалқанша безі және бронхының қабынуы демікпе аурулар кезінде микстура құрамына қолданады. Бос күйіндегі иод ерітінділерде антисептикалық заттар ретінде, сол сияқты қалқанша безі ауруларына және атеросклероз кезінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |