Xром (ІІІ) катионның (Сr3+) реакциялары
1. Күйдіргіш сілтілер хром (ІІІ) тұзының ерітіндісінен хром (ІІІ) гидроксидінің жасыл-сұр амфотерлі тұнбасы бөлінеді:
СrС13 + 3 КОН = Cr(OH)3 ↓+ 3KCl
Тұнба сұйылтылған қышқылдарда, сол сияқты сілті ерітінділерінде ериді:
Сr(ОН)3 + 3КОН = К3[Сr(ОН)6]
Хром гидроксидінің амфотерлігін көрсетеді.
2. Н2O2 сутегінің асқын тотығы сілті қатысында Сr3+ ионын СrО42- хромат ионына тотықтырады. Реакцияның сыртқы белгісі өзгерумен сипатталады – ерітіндінің бояуы ашық-жасыл болуы, СrO42- ионның қатысын негіздейді:
2СrСl3 + ЗН2O2 + 10NaOH = 2Na2CrO4 + 6NaCl + 8Н2O
2Cr3+ + 3H2O2 + 10ОН- = 2CrO42- + 8H2O
Егер алынған хромат ерітіндісін сұйылтылған күкірт қышқылымен қышқылдаса, онда сутегінің асқын тотығы, хроматты эфир қабатын оңай түзетін, көк түсті асқын тотықты хром қышқылына Н2СrO6 (надхромовоя кислота) тотықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |