6 Натрий ацетаты CH3COONa Fe3+ иондарымен қызыл – қоңыр түсті темір (III) ацетатын құрайды. Қыздырғанда бұл тұздың гидролизі күшейеді және негіздік тұздың қоңыр тұнбасы түседі:
FeCl3 + 3CH3COONa = Fe(CH3COO)3 + 3NaCl
Fe(CH3COO)3 + 2H2O = Fe(OH)2CH3COO↓ + 2CH3COOH
Марганец (II) катионның (Мn2+) реакциялары
1. Күйдіргіш сілтілер марганец (II) тұздарымен марганец (II) гидроксидінің ақ тұнбасын береді
MnSO4 + 2KOH = Mn(OH)2↓ + K2SO4
Тұнба ауада оттегімен Мn (IV) дейін жылдам тотығады соның салдарынан қоңырланады.
2. Сутегі пероксиді Н2O2 сілтілер қатысында марганец (ІІ) тұздарын қоңыр түсті марганца (IV) МnО(ОН)2 қосылысқа дейін тотықтырады:
MnSO4 + Н2O2 + 2NaOH = MnO(OH)2 ↓ + Na2SO4 + H2O
Бром суы да, осылайша әсер етеді. Мn(OH)2 салыстырғанда МnО(OH)2 тұнбасы сұйылтылған күкірт қышқылында ерімейді.
Қорғасын диоксиді РbO2 концентрацияланған азот қышқылы қатысында, қыздыру барысында марганец (II), МnO4- күлгін түсті марганец қышқылына дейін тотықтырады:
2MnSO4 + 5РbO2 + 6HNO3 = 2НМnO4 + 2PbSO4↓ + 3Pb(NO3)2 + 2Н2O
Бұл реакция тотықсыздандырғыштар қатысында теріс нәтиже береді, мысалы хлорсутек және оның тұздары қорғасын диоксидімен, сол сияқты түзілген марганец қышқылымен әрекеттесетін болады. Бұл реакцияны марганецтің көп мөлшерінде жүргізуге болмайды, себебі Мn2+ иондарының артық мөлшері түзілген НМnO4 марганец қышқылын МnО(ОН)2 дейін тотықсыздандырады және күлгін түстің орнына қоңыр тұнба пайда болады. Мn2+ -ті МnO4- дейін тотықтыру үшін қорғасын диоксидінің орнына басқада тотықтырғыштар қолдануға болады, мысалы Ag+ иондары немесе натрий висмутаты NaBiO3 катализатордың қатысында аммоний персульфатты (NH4)2S2О8 .
2MnSO4 + 5NaBiO3 + 16HNO3 = 2HMnO4 + 5Bi(NO3)3 + NaNO3 + 2Na2SO4 +7H2O
Ерітіндіде таңқурай түстің пайда болуын бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |