Mn (II) анықтау. Бастапқы 1-2 тамшы ерітіндіге 1-2 тамшы концентрацияланған HNO3, 2 тамшы су және бірнеше түйіршік NaBiO3 қосады. Араластырады және центрифугалайды. Егер ерітіндіде Mn2+ ионы болса, центрифугат таңқурай түсті болады (MnО4- ионы). Егер ерітіндіде темірдің тұздары болатын болса, оның сары түсті ерітіндісі MnО4- ионын бүркемелейді. Мұндай жағдайда Ғе (ІІІ) түссіз комплексті қосылысқа айналдыру мақсатында 1-2 тамшы H3PO4 қосады.
Са2+ анықтау. Анализденетін 2 тамшы ерітіндіге 2 тамшы 4 н күкірт қышқылын қосып, тұнбаны ерітіндіден бөліп алады. Центрифугаттың тамшысын зат шынысында (тамшының жан-жағында жұқа болар болмас ақ қақтар пайда болғанша) буландырады және микроскоппен қарайды. Са2+ ионның қатысы ине тәрізді кристалдар СаSO42H2O түзілуінен бақауға болады.
Mg2+ анықтау. Анализденетін 3 тамшы ерітіндіге сілтілік реакцияға дейін 2н NaOH және тағы 2-3 тамшы артық құйяды, мұқият араластырып, центрифуга арқылы бөледі. Тұнбаны 2 рет ыстық сумен жуады. Жуылған тұнбаға 6н NH4Cl қосады, мұқият араластырып центрифугалайды. Зат шынысына 2 тамшы центрифугатты және қасына Na2HPO4 тамшы ерітіндісін енгізеді. Тамшылар арасын шыны таяқша көмегімен қосады да, аздап отта кептіреді содан соң суытады. Mg2+ қатысын өзіне тән кристалдардан MgNH4PO4 байқауға болады.