1. ВаСl2 барий хлориді хроматтармен барий хроматының сары тұнбасы түзіледі:
К2СrO4 + ВаСl2 = BaCrO4↓ + 2KCl
Тұнба минералды қышқылдарда ериді, ал сірке қышқылында ерімейді. Сr2O72- ионы барий хлоридімен ВаСrO4 тұнбаны түзеді тек натрий ацетаты қатысында.
2. Pb(NO3)2 қорғасын (II) нитраты хромат- ионымен ашық-сары түсті тұнба түзеді:
Pb(NO3)2 + K2CrO4 = PbCrO4↓ + 2KNO3
3. AgNO3 күміс нитраты хромиттермен әрекеттесу кезінде азот қышқылында және аммиак ерітіндісінде еритін, қызыл-күрен түсті тұнба түзеді:
К2СrO4 + 2AgNO3 = Ag2CrO4↓ + 2KNO3
Дихроматтар Ag+ ионымен тұнба түзбейді.
4. Н2O2 сутегінің асқын тотығы қышқылдық ортада дихроматтарды көк түсті асқын тотықты хром қышқылына дейін тотықтырады:
К2Сr2O7 + 4Н2O2 + H2SO4 = 2Н2СrО6 + K2SO4 + 3H2O
Бұл реакция Сr2O42- және Сr2O72- иондарын идентификациялауға мүмкіндік береді және фармакопеялық болып табылады.
Сулы ерітіндіде асқын тотықты хром қышқылы өте тұрақсыз, хром (ІІІ) тұздарын түзе отырып, жылдам ыдырайды және көк бояуы жасылға ауысады. Органикалық еріткіштерде (диэтил эфирі немесе амил спирті) асқын тотықты хром қышқылы едәуір тұрақты. Асқын тотықты хром қышқылының нақты формуласы белгісіз, шамаланған формулалар: Н2СrO6, H3CrO8, Н7СrО10. Реакция нәтижесінде СrO5 хром пероксиді түзіледі деп есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |