Броми -иондарының (Br-) реакциялары
Вr- ионы бромсутек қышқылының НВr анионына жатады. Өздерінің қасиеттері мен ерігштігі бойынша хлоридтерге жақын.
1. AgNO3 күміс нитраты Вr- ионымен күміс бромидінің ақшыл-сары түсті тұнбасын береді:
NaBr + AgNO3 = AgBr↓ + NaNO3
Тұнба азот қышқылында ерімейді, аммиакта нашар ериді және натрий тиосульфаты ерітіндісінде жақсы ериді.
AgBr + Na2S2О3 = NaBr + Na[Ag(S2О3)]
Реакция фармакопеялық.
2. Хлор суын бромид ерітіндісіне қосқанда, одан күкіртсутекте немесе хлороформда еритін, ерітікіштің қабатын қызғылт-сары түске бояйтын бос бромды бөліп шығарады:
Сl2 + 2NaBr = 2NaCl + Br2
Хлор суының артық мөлшерінде бояу түсі жоғалады соның салдарынан неғұрлым ақшыл түсті BrCl тұнбасы түзіледі. Бұл реакция Вr- ионы үшін тән және фармакопеялыққа жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |