4. Темір (ІІІ) хлориді және басқа тотықтырғыштар (мысалы: CuSO4, NaNO2, К2Сr2О7) I- ионын бос күйге дейін тотықтырады:
2FeCl3 + 2KI = 2FeCl2 + 2КСl + I2
Реакция фармакопеялыққа жатады.
Сульфид иондарының (S2-) реакциялары
S2- ионы күкіртсутек қышқылының анионына жатады, күкіртсутектің судағы ерітіндісі ретінде танымал. Бұл күшті қышқылдардың бірі. S2- ионы жеңіл тотығады.
AgNO3 күміс нитраты S2- ионымен әрекеттесіп, күміс сульфидінің қара түсті тұнбасы түзіледі:
Na2S + 2AgNO3 = AgS↓ + 2NaNO3
Күміс сульфиді суықта сұйылтылған азот қышқылында ерімейді, бірақ осы ерітіндінің ыстық кезінді ериді. Аммиак ерітіндісінде ерімейді.
2. Хлорсутек қышқылын натрий сульфиді ерітіндісіне қосқанда, одан күкіртсутек бөлінеді, шіріген жұмыртқаның иісі бойынша анықтауға болады:
Na2S + 2HCl = H2S↑ + 2NaCl
Рb(СН3СОО)2 қорғасын (ІІ) ацетаты ерітіндісіне батырылған фильтр қағазы күкіртсутек қатысында қараяды.
3. Кадмийдің ерігіш тұздары сульфидтермен ақшыл-сары түсті кадмий сульфиді тұнбасын түзеді:
Na2S + Cd(NO3)2 = CdS↓ + 2NaNO3
Егер CuSO4 ерітіндісін тұнбаға әсер етсе, тұнба қараяды соның салдарынан CuS түзеді:
CdS + CuSO4 = CdSO4 + CuS
Сульфид-ионы үшін тән реакция.
Достарыңызбен бөлісу: |