SCN- тиоцианат (роданид) иондарының реакциялары
SCN- — тиоцианосутегі (роданосутекті) қышқылының HSCN анионы, бұл бірнегізді күшті қышқылдарға жатады.
1. AgNО3 күміс нитраты роданид-иондармен ақ түсті күміс роданиді тұнбасы түзіледі:
AgNО3 + KSCN = AgSCN↓ + KNО3
Тұнба аммиакта ериді, ал сұйылтылған азот қышқылында ерімейді.
2. Темір (ІІІ) тұздары роданид-иондармен қызыл қан түсті темір-роданидті қосылысы түзеді. Бұл реакцияның қарапайым теңдеуі:
3KSCN + FeCl3 ↔ Fe(SCN)3 + 3KCl
3.17 Үшінші аналитикалық топ аниондарының жеке
реакциялары
Үшінші аналитикалық топ аниондарына нитрит-ионы NO2-, нитрат-ионы NO3- және ацетат-ионы СН3СОО- жатады. Бұл аниондардың күміс және барий тұздары суда ерімейді, соның салдарынан AgNO3, не ВаСl2 үшінші топ аниондарын тұнбаға түсірмейді. Бұл топтың топтық реактиві жоқ.
Ауыз суды зерттеу үшін нитриттер мен нитраттарды анықтауда үлкен маңызы бар. Нитриттер мен нитраттардың көп мөлшерде болуы судың лас және жарамсыз екендігінің көрсеткіші болады.
Азот қышқылының органикалық туындылары (мысалы, нитроглицерин) жүрек заттары ретінде қолданылады. Натрий нитриты және кейбір азотты қышқылының туындылары стенокардия кезінде қолданады. Кейбір сірке қышқылының тұздары әр түрлі дәрілік препараттардың құрамына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |