3. 8-Оксихинолин HC9H6NO магний тұздарымен жасыл – сары магний оксихинолят кристалды тұнбасын түзеді:
2HC9H6NO + MgCl2 = Mg(C9H6NO)2↓ + 2НСl
Реакцияны аммиакты ортада жүргізеді.
4. Петрашен реакциясы. Иод суы сілті қатысында магний иондарымен қызыл - қоңыр түсті тұнба түзеді. Иод суына сілті ерітіндісін қосқанда реакция жүреді:
I2 + 2NaOH ↔ NaI + NaIO + Н2O (1)
Егер бұл ерітіндіге магнидің тұздарын қоссақ, магний гидроксиді пайда болады:
MgCl2 + 2NaOH = Mg(OH)2 ↓ + 2NaCl (2)
Mg2+ иондары ОН¯ иондарын байланыстырып, (1) реакция тепе–теңдігі солға ығысады. Түзілген бос иод магний гидроксидімен адсорбцияланады да, тұнба қызыл–қоңыр түске айналады. Бояудың түсі магний иондарының концентрациясына байланысты.
Сондай–ақ жүретін бұл процестерді схема түрінде көрсетуге болады:
½yI2 + 2xNaOH + xMgCl2 → [Mg(OH)2]xIy + 2xNaCl
Достарыңызбен бөлісу: |