І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері №1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан. Мақсаты



бет4/17
Дата08.11.2016
өлшемі3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе . жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

  1. Автор туралы қысқаша дерек.

Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т.б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.

  1. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.

  2. Тірек сызба бойынша мысалды талдау.


Кім

Кімге айтты

Не деп

Неліктен






  1. Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме, сипаттама беру.

ІҮ. Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы.

А). «Өнер» тобының тапсырмасы. Ара мен Шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды.

Ә). «Оқу» тобы мысалдағы түйінді ойды жазады.

Б). « Жазу» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам ...» тақырыбына эссе жазады.

«Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.

Келді араға Шыбын

Жиып жатқан шырын,

Шақырды Шыбын қонаққа.

Ара келсе кешігіп,

Жатып қапты шешініп.

Қонақты дұрыс күтпепті,

Шыбынға ақыл жетпепті.

Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі.

«Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынандай сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды:


  1. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

  2. «Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?

  3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

«Кім тапқыр?» тапсырмасы.

Мысал бойынша мақал-мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі.



  1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.

  2. Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.

  3. Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Ү. Қорыту. Қандай тарауды аяқтадық?

ҮІ. Үйге тапсырма:1. оқу, кестені толтыру. 2.Бағалау.

26. Тақырыбы: Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.



Мақсаты: Оқушыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтың мысал –өлеңінде Шыбын Араға не деді? Ара оған неге бірден келісе салмады? Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген? Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қайсөздерінен байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Кесте бойынша өзіңнің сипатауың жайлы не айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 3 класта қандай шығармасымен таныстық? («Кедей» өлең) Онда не жайлы еді? Кедей деп кімдерді атаған?



Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды ақын әрі жазушы.(1893-1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс-қылығын әшкерелейді. Кітаппен жұмыс. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалын түсініп, жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс. Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі. Зиян – залал, зақым. Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады? 2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел ізде. Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.

Сұлтанмахмұт Торайғыров жөнінде не білесің?

Арыстан (қандай?)

Тышқан (қандай?)










ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, мысалды жалғастырып көр. 2. Бағалау.

27. Тақырыбы: Араша. Қастек Баянбаев.



Мақсаты: Оқушыны Қастек Баянбаевтің «Араша» атты мысалымен таныстыру, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеу, шығармашылықпен жұмыс істеу, ойлау, іздену қабілетін дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, ойын қорыту.

Көрнекілігі: суреттер, диафильм.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады? Ары қарай не болады деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Адалдық, шыншылдық жайлы мақал-мәтелдер білесің бе? Жұмбақ шешу.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Мысал -өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу.

Міне балалар, қорыта келгенде :




Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог деп атайды.

2.Өлең неліктен «Араша» деп аталған? Кейіпкерлерді ата. (Шыбын, Торғай, Мысық, Төбет ит, Құнан,Сары бала). Мәтіндегі әрбір кейіпкердің іс-әрекеті мен сөзіне қарап, оның қандай екенін анықтауға бола ма? Оны қалай дәлелдер едің? Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңді рөлге бөліп оқу. Егер саған біреу жала жапса, сен қандай сезімде болар едің? Сондай оқиға өз өміріңде кездесті ме? Диалог деген не екен?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? 1. Өзіндік жұмыс. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.

28. Тақырыбы: Сапар мен Парта. Адырбек Сопыбеков.



Мақсаты: Оқушыны Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен Парта» атты мысалымен таныстыра оқып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау, іздену арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу , байланыстырып сөйлеу, ойын қорыту, тұжырым жасай білу қабілетін дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер. (партаның ашуланған суреті)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлең неліктен «Араша» деп аталған? Кейіпкерлерді ата. (Шыбын, Торғай, Мысық, Төбет ит, Құнан,Сары бала). Мәтіндегі әрбір кейіпкердің іс-әрекеті мен сөзіне қарап, оның қандай екенін анықтауға бола ма? Оны қалай дәлелдер едің? Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер саған біреу жала жапса, сен қандай сезімде болар едің? Сондай оқиға өз өміріңде кездесті ме? Диалог деген не екен?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Жұмбақ шешу.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Балалар, сендерде өзіңнен-өзің сөйлескен кезің болды ма? ... Қазір оқитын мысал-өлеңнен осындай сәт кездесер ме екен, байқап отырыңдар шы. Оны әдебиет тілінде былай дейді.


Кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды.

2.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады? Парта Сапарға неге ренжіді? Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады? (Үнсіз қалды Сапарда, Сол жерде мұрнын бір тартып.)



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Оны не дейміз? (монолог). Сапар не істепті? Оған парта қалай ренжіді? Біздің ортамызда осындай адамдар бар ма?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Партаны адам кейпіне келтіріп (қабағын түйгізіп, көзін алартып) суретін салып көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, 2. Бағалау.

29 . Тақырыбы: Шыбын мен Көбелек. Сейітқұл Оспанов.



Мақсаты: Оқушыны Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен Көбелек» атты мысалымен таныстырып, баланың жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеу, ойын қорыту, тұжырым жасай білу қабілетін дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мысал-өлеңде не жайлы айтылған? Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады? Парта Сапарға неге ренжіді? Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғардың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сапардың істегені дұрыс па? Біздің ортамызда осындай адамдар бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Шыбын жайлы не білесің? Көбелек туралы не білесің? Сергіту. «Көбелек» әнін айту.

(Көбелек, көбелек, көкке үшқан өрмелеп,

Сені ұстау тым қиын, айлакерсің керемет.

Шаршадым, шалдықтым, қуып сенің соңыңнан.

Ұстасамда шап беріп, шығып кеттің қолымнан...)

Ү. Жаңа сабақ: 1. Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен Көбелек» атты мысалын түсініп, жалғастырып, рөлге бөліп оқу. 2. Сөздік жұмыс. Көз шырымын алу – ұйықтау. Қауыз – ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы. Жұқсыз – сүйкімсіз, жек көрінішті. Сұғанақ – ұры. Сапалақ – шыбын қорығыш құрал. Шылғи өтірік – мүлде өтірік. 3. Мысал не жайлы екен? Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды? Шыбын не деп мақтанды? Көбелек оған не деді? Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мысалды рөлге бөліп, сахналау. 2. Әңгіменің соңғы абзацын оқып, қандай қорытынды пікір айтуға болады?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Көбелек пен Шыбынға мінездеме беріп көр.

Қандай? Қандай?

сезімтал мақтаншақ

әдемі жұқсыз

ұстамды сұғанақ

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Өшпес өмір өнегелері

30. Тақырыбы: Өткен күн. Түркістан. Мағжан Жұмабаев.



Мақсаты: Оқушыға «Өшпес өмір өнегелері» атты бөлім жайлы, Мағжан Жұмабаевтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, «Өткен күн. Түркістан» атты өлеңдерімен таныстыру, тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

«Өшпес өмір өнегелері» деп аталған бұл бөлімде қазақ әдебиеті мен ғылымына өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың жазған шығармаларымен танысасыңдар. Сонымен бірге олардың жарқын бейнесі, өшпес өнегесі туралы жазылған әңгіме-естеліктер беріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Мағжан Жұмабаев ( 1893-1938) Солтүстік Қазақстан облысында туылған, қазақтың аса дарынды ақыны, жазушы, педагогы. Тұңғыш кітабы «Шолпан» деп аталады. Ақынның халқымыздың өткен өмірі туралы жазған «Өткен күн», «Түркістан» өлеңдерімен танысайық. 2. Өлеңдерді мәнерлеп, түсініп, нақышымен оқу. 3. Сөздік жұмыс. Алаш – қазақ. От мұнда: шөп деген мағынада. Керсен – үлкен тостаған. Ділда – алтын ақша. Бұйрық – тыныш, бейбіт. 4. Өлеңнің басында қандай өзен-көлдердің аты аталады?(Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу). Бұл өзен-көлдер қай жерлерде? Картадан тауып көр. Ауыл жайлауға көшкенде қандай өзгеріс болады екен?

ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1.Қазақ халқының дарқандығы, кеңдігі туралы айтылатын жолдарды тауып оқы. Өлеңде кездесетін жер-су, батыр, би аттарын мына үлгілік кесте бойынша дәптерге жазып, оларды есте сақта.

Өзен-көл аттары

Батырлар

Билер

Хандар

Ақын-жыраулар

Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу

Қабанбай, Бөгенбай

Қазбек би, Жәнібек би,

Хақ Назар, Абылай хан,

Шөже, Орынбай, Жанақ, Біржан, Наурызбай

2.Түркістан туралы не білесің? Ол қандай қала? Қай жерде орналасқан? Ақын өлеңде «Тұран» деген сөзді қолданады. Тұранда ертеде кімдер туып-өскен екен? (Ер түрік, Арыстан баб, қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі). Түрік еліне кімдер жатады деп ойлайсың? (түрік,қазақ, қырғыз, ...). Тұранда хандық құрған кім? (Қасым хан). Абылай хан қай жерге жерленген? (Түркістанда).

Ү. Қорыту. Бүгін не жайлы білдік? Мағжан Жұмабаев кім? Оның қандай шығармаларын білесің? ( «Балапан қанат қақты», «Аққала»). Сенің ойыңша, Түркістан жері бүкіл елге танымал болуы үшін не істеуге болады?

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, «Түркістан» жаттау.

31. Тақырыбы: Жиб-Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров.



Мақсаты: Оқушыларға Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб-Жица» әңгімесі бойынша қазақтың әлемге әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, күрес түрі жайлы мәлімет беру; дұрыс оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Түркістан» өлеңін жатқа сұрау, «Өткен күн» өлеңнің басында қандай өзен-көлдердің аты аталады?(Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу). Бұл өзен-көлдер қай жерлерде? Ауыл жайлауға көшкенде қандай өзгеріс болады екен?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Түркістан туралы не білесің? Ол қандай қала? Қай жерде орналасқан? Ақын өлеңде «Тұран» деген сөзді қолданады. Тұранда ертеде кімдер туып-өскен екен? (Ер түрік, Арыстан баб, қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі). Түрік еліне кімдер жатады деп ойлайсың? (түрік,қазақ, қырғыз, ...). Тұранда хандық құрған кім? (Қасым хан). Абылай хан қай жерге жерленген? (Түркістанда).

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақтың әлемге әйгілі палуаны. Жер шарының жиырма төрт елін аралап, талай-талай атақты палуандармен белдескен. Алтыны, күмісі бар – барлығы 48 медаль алған. Қажымұқанның палуандығын танытатын бір дерекпен белгілі жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың әңгімесі арқылы танысасыңдар.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. 2. Сайыс қай қалада өтеді? (Харбин). Жапон палуаны Сар-Кек Ки қандай шарт қойды? (Жапон күресі «Жиб-Жицамен» күресем деді.) көрушілер арасында неліктен қобалжу болды? Жиб-Жица күресінің тіртібі қандай екен? Қажымұқан бұл күрестен жеңді ме? Дядя Иван мектебінен қалыптасып шыққан сұлу әдемі жігіттің келбетіне қандай таңбалар түсті деп ойлайсың?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Сар-Кек Киге берілген мінездемені тауып оқы. (Күйгелек, ызақор, кек сақтағыш мінезі бар, көп сөз, күлкіні жек көретін палуан.). Күрес алаңына шыққан Қажымұқанды көз алдыңа келтіріп көр. Сол елестетуің бойынша Қажымұқанға сипаттама беріп көр. Әңгімедегі оқиғаның шиеленіскен жерін тауып оқы.(Қажымұқанның басы-көзін қан басып, жосадай боп сорғалап жүре берді. ...)


Оқиғаның шиеленісуі дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынастың, қимыл-әрекеттің, яғни тартыстың қиындауы.


ҮІІ. Қорыту. Бүгін кім жайлы білдік? Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің?

Әңгіме мазмұнына сәйкес келетін мына мақалдың екінші бөлігін тауып, мәнін түсіндір.

Қоянды қамыс өлтіреді, Жігітті намыс өлтіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу,

32. Тақырыбы: Бала Тұрар. Шерхан Мұртаза.



Мақсаты: Оқушыларға Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; Отан сүйгіш, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. . Сайыс қай қалада өтеді? (Харбин). Жапон палуаны Сар-Кек Ки қандай шарт қойды? (Жапон күресі «Жиб-Жицамен» күресем деді.) көрушілер арасында неліктен қобалжу болды? Жиб-Жица күресінің тіртібі қандай екен? Қажымұқан бұл күрестен жеңді ме? Дядя Иван мектебінен қалыптасып шыққан сұлу әдемі жігіттің келбетіне қандай таңбалар түсті деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 2 – 3 класта Шерхан Мұртазаның қандай әңгімесін оқыдық? ( Бала Тұрар) Онда не жайлы оқыдық? (Тұрардың а,б әріптерінің орнына «Аспара, Қызыл Жебе, Көке» деген сөздер жазылғаны жайлы. Тұрардың зерек бала екендігі жайлы. ...). «Интернат қоймасы» деген әңгімесінде «Қызыл Жебе» романынан үзінді, бала Тұрарды ұры атандыру үшін Атамырзаның әрекеті еді.)

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. 1. Тұрар Рысқұлов жайлы не білесің? Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді.

2. Репрессия деген не? (Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.)



3. 1937 – 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.

4. Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілістің басшысы болған. Белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз. 5. Романның үзіндісін түсініп, жалғастырып оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ). Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе? «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың? Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?

ҮІІ. Қорыту. Әңгімедегі елдердің, көлдердің аттарын дәптеріңе жаз. Картадан тап. Мәтіннен Тұрардың көңілі жүдеп, мұңайып қалған жерін тауып оқы. Оның себебін түсіндір. (- Жоқ, әншейін, - деді бала бір түрлі мұңайып. ...)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, «Қызыл Жебе» кітабын тауып оқу.

33. Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.



Мақсаты: Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; Отан сүйгіш, елін қорғайтын, өнерін сыйлайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.



Ана тілі 4 класс (
Сабақтың түрі:
Сабақтың барысы: і. ұйымдастыру кезеңі.
Түрі: аралас сабақ. әдісі:

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет