Құқық бұзушылық


«Сарқырама» релаксациялық жаттығуы



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі30,34 Kb.
#109904
1   2   3   4
Байланысты:
тренингтер
10 сынып Химия ҚМЖ, 9 сынып Химия ҚМЖ, 8 сынып Химия ҚМЖ, 8 сынып бақылау Химия, 11 сынып Химия ҚМЖ, 8 сынып ІІ тоқсан бақылау жұмысы химия, 7.4 В БЖБ №9, 7.4.A БЖБ №8, 11-сынып ОМЖ, 11-сынып ОМЖ, 11 класс- саба жоспарлары, 11-2, 11-2, 11-2, 11-2
6. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқарамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек сезінуіңзге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…
Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд). Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз».
Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет