Қарым – қатынастағы қиындықтар. Қарым – қатынас психологиясы, біздің өміріміздегі ең маңызды саланың бірі болып табылады. Күнделікті өмірімізде әр түрлі жағдайлармен айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасқа түсеміз. Бұл адамға табиғатынан берілген қасиет. Бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты қарым – қатынасқа түсу қиындық тудырып жатады. Мысалы: әйел адаммен сөйлескенде, танымайтын бөтен адаммен сөйлескенде. Адамдардың барлығы ақпарат алмасып сөйлескенді жақсы көреді, бірақ кейбір өзіндегі жетіспеушіліктерді алға тартып қарым – қатынасқа түсуден қашады.
Ең алдымен кеңестерді пайдаланбас бұрын, бұл қорқыныштың қайдан пайда болғанын анықтап алу керек. Бұл мәселенің пайда болу түбірін біліп алған соң, оның шешімін табу жолы оңайға түседі. Мүмкін қарым – қатынастағы қорқыныштың ең басты мәселесі балалық шақта болуы да мүмкін. Адам бала кезінде көп конфликтілі жағдайларды басынан кешірсе, өскенде тұйық, сөзге шорқақ болады.
Қарым – қатынасқа түсудегі қиындықтар:
Сауатты қарым – қатынас орнатудағы қабілетсіздігі.