Негізгі ұғымдар: психология, психика, психикалық құбылыстар, қағидалар, детерменизм, сана мен іс әрекеттің бірлігі, даму, ми, дуализм, бихевиоризм, материя қасиеті
1. Ежелгі грек философтары, оның ішінде Аристотель адам денесімен бірге өмір сүретін рух жайлы идея ұсынған. Аристотель өзінің «Жан туралы трактат» еңбегінде психологияның білімдер саласындағы дербес негізін қалады. Х1Х ғ.соңы ХХ ғ. Басында танымал ғалым Г.Эбингауз психология жөнінде қысқаша былай деген. Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз, психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі.
Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология- жан туралы ғылым /психо- «жан», логос –«ғылым»/ дегенді аңғартады. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткеніндей, ежелгі грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізінде бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой пікір бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде жан жөніндегі діни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күресінде дамуын тапты. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелдеуіне бірінші кезең болды да, психология әуел бастан «жан » туралы ғылым деп танылды. Психика пәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін- материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелді болып келді.
Дәл осы мәселенің төңірегінде бір-біріне тікелей қарама—қарсы философия бағыттары- идеализм мен материализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды. Ал материалистік танымда психика- туынды , материяға тәуелді құбылыс.
2. Тек ХҮ111 ғасыр психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Декарт ғылымға екі түсінікті- рефлекс және сананы бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмысматерия және рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да, психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» / екі тарапты/ атауын алды. Дуалистік тағлиматты арқау етіп, ХІХ ғ. психологиясында психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистік бағыт кең өріс алды. Бұл бағыттың мәні- психика және тән қатар, бірақ өзара тәуелсіз жасайды. Мұндай идеалистік көзқарасты дәріптеушілер- Вундт, Эбингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.
Психологияда эксперименттік әдістің орнығуына қарамастан, бұл
дәуірде аталған теориялардың бәріне тән ерекшелік- психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру емес, тек қана суреттеп нақтылау. 1879 жылы Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастарды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды. Зерттеуші белгілі жағдайлар жасап, онда психикалық процестердің өтуін бақылап, отырды. Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі адам өзінің ішкі жан күйін, сезімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектік аталған әдіс қолданылды.
ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда
болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады. Ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы -әрекет қылық еді. Бұл бағыт «бихевиоризм» /ағылшынша бихевиор-қылық/ аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық әрекетін зерттеу деп білді.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана екінші яғни обьективті дүниенің мидағы бейнесі. Материяның дамуы бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетілуі, қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуі. Ғылыми психология тірек ететін диалектикалық материализм категориялары жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Барша материя бейнелеу қасиетіне ие. Психика материя қасиеті, мидың қызметі болуы мен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы.
Психиканы диалектикалық-материалистік тұрғыдан қарастыру әрқандай ішкі жан күйлік құбылыстардың өзімен өзі шектелмегендігін, шындықтан бөлінбей, онымен түбегейлі әрі тығыз байланыста екенін танытады. Қорытындыласақ, жантану ғылымы – психика деректерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы.
Жалпы психология- адамның танымы мен практикалық іс әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, т.б. зерттейді. Адамның жеке басындағы өзіндік психологиялық ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін, мінездегі жетекші ниет тілектерді , қабілеті мен өнерді таңдай білуін т.б. ерекшеліктерін қарастырады.
Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан, бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі үш мәселені бөліп қарастырады:
психикалық процестер;
психикалық кейіп;
психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.
А) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар – түйсіну, қабылдау, ес, қайта жаңғырту процесі, қиял мен ойлау. Сөйтіп, сыртқы дүние шындығын тану, еріктік процестер (қажеттіліктің пайда болуы , ниет пен тілек), эмоциялық процестер.
Ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффектілерді, зейін (шоғырлану мен шашырауы) және ерік (сенімділік пен сенімсіздік, күмандану) сияқты т.б. жайттарды бейнелейді.
Б) Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатын темперамент, мінез, қабілетарқылы дараланады. Қоғамдық әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері болып табылатын темперамент көрінісінен, мінез-құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігінен айқын байқалады
1. Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі міндеті- психикалық іс әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда.
Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан
халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты.
Осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесінде танылып, әр түрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Психология салаларын жіктеудің негізгі принципі- психиканың іс әрекетте даму принципі. Психология келесі салаларға бөлінеді.
3. Еңбек психологиясы- адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің
психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі- олар, инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психология т.б.