22. ХХ ғ. 30 жж. басы. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.
1929 жылы АҚШ-та эқономикалық дағдарыс басталады. Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.
1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12,4 млн акция сатылса, бес күннен кейін 16,4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция иелері 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында 19 млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер етті. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.
Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жетгі. Жүмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысьг 60% -ға қысқарды,
АҚШ-тың ауыл шаруашьшық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықгар өздерінің банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе бастады. Американың гүлдену дәуіріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайьшдық басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді.
Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. (Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды.
Ф.Рузвельт сайлау алдында өзінің жаңа экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның Ф.Рузвельт сайлау—– алдыңда – өзінің жана экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негізгі бағыты милиондаған кедейленғен халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа бағыты тарихта «жаңа бағыт» деп аталды. Ф.Рузвельттің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ. Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады. Бірақ та сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысының барысында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу — экономиканы дағдарыстан шыгарудың бірден-бір жолы екенін сайлаушылар да түсініп, Ф.Рузвельттің саяси беделі өсе бастады. Сайлаушылар алдыңда сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық қүқықтың сақталуын, оған мемлекеттік жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзівде «экономикалық жоспарлау»идеясын ұсынды. XX ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбір адам өмір сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы қажет» — деді. Америка мемлекеті халықтың әлеуметгік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек, әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негізгі мәні – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформа жүргізу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында сенімсіздік тудырып, демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі өсті. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргізуді талап етті.
1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Рузвельтті қолдап 22,8 млн сайлаушылар дауыс берді, республикалық партия өкілі Гуверге 15,8 млн сайлаушылар дауыс берді. Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия АҚШ конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 жылы наурыз айының 4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметіне кірісті.
Франклин Делано Рузвельт 1881 ж. Нью-Йорк штатында дүниеге келген. ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген Рузвельттер тұқымы Америкада орнығып, екі бұтақка бөлініп, дамыды. Олардың бір бұтағынан 1901-1909 жж. АҚШ президенті Т.Рузвельт, екіншісінен 1932-1945 жж. президент Ф.Рузвельт шықты. Франклин таңдаулы ақылы мектепте оқыды, Гарвард жоне Колумбия университеттерін заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ол неміс және француз тілдерінде еркін сөйлейтін. 1910 жылдан бастап сенатор, 1913 ж. министрдің орынбасары болды. 1921 ж. аурудан аяғы сал болып қалғанына карамастан, саяси кызметтен бас тартқан жоқ. 1928 ж. ол Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды да, дағдарыс кезінде күйзелген халықка мемлекеттік көмек беру жүйесін құрды
Достарыңызбен бөлісу: |