И. И. Катубаев «Төле би атындағы орта мектеп- мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіде болатын



Дата15.09.2017
өлшемі41,8 Kb.
#33782
Бекітемін

Мектеп директоры:_____________

И.И. Катубаев

«Төле би атындағы орта мектеп- мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіде болатын

«ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!» атты

тақырыптық кештің жүргізілу барысы

2015-2016 оқу жылы


Мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Безендірілуі: тақырыпқа сай газеттер, нақыл сөздер, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың портреттері ілінеді.

Жүргізуші:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,


Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі» атты тақырыптық кешімізге қош келдіңіздер!

Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ,ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратып, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін – келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі.



1 Баяндама. Лазгиева София
Жүргізуші:Ана тілім, дана тілім, бақ тілім

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.



Келесі кезекте 8 сынып оқушылары тіл туралы тақпақтар айтады.

Жүргізуші:   Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,

                         Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

                         Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

                         Жат жұрттан да достарын тапқан тілім.

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

                         Жадымда талмай самғар қанат тілім.

                          Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,

                          Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім! -деп келесі кезекте 9-сынып оқушылырының орындауында бір ән тыңдайық.



Ән «Қазағым» Лукманова Файна, Кевнимжай Жібек.

Жүргізуші: Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан.

22 қыркүйек – Қазақстан республикасы халықтарының тілдері күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу – ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан республикасында «Тіл туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан – ұрпаққа, атадан –балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жырға арқау болған.

Тәңірі ортақ жаратқан,


Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек сияқты белгілі шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын-ырғасы, желі-жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған. Олар халық даналығын , тіл байлығын көрсетеді.
Келесі кезекте көрініс. «Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің даналық сөздері». 9- сынып оқушылары

Өтепов Нұрлан,Низамадинов Арсел,Абдуманапов Жомарт.



Жүргізуші:

Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек – ана, мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Қазақша би «Қамажай» орындайтын 9 сынып оқушысы Курасова Виалетта .

Келесі кезекті шешендік сөздерге берейік. 9сынып оқушылары.

Жүргізуші:Тіл – ойдың тікелей шындығы, тіл – барша білімдердің қазынасы. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткен тарихымызды саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танып қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз. Сондықтан да адам баласының байлығының бірі – сөз өнері. «Өнер алды – қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар?!

Көрнекілікпен жұмыс.

Ән «Ананың тілі» 9 сынып Кевнимжай Жібек,Лазгиева София

Жүргізуші: Ал, енді балалар, сұрақ-жауап айдарына кезекті берейік.Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер сұрақтың жауабын мақалмен қайтарасыңдар.

  «Ойлан тап».
 1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да  не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)

Ән «Қазақстан» 6 сынып оқушылары.

Жүргізуші:

Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттатырған сана тілім,

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

Жиһанкез желмаялы Асан қайғы,

Жер-жерге баға берген сынды тілім.

Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,



Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.

Осымен «Жасай бер, қазақ тілім-ана тілі!» атты тақырыптық кешіміз аяқталды келгендеріңіз үшін рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 06bc
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06bc -> Сабақтың тақырыбы : Гүл, оның құрылысы мен маңызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет