I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Ертеректе сыбызғы кімнің сүйікті аспабы болған?



Pdf көрінісі
бет43/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Ертеректе сыбызғы кімнің сүйікті аспабы болған? 
A)Қойшылардың 
B)Батырлардың 
C)Әйел адамдардың 
D)Байлардың 
E)Бақсылардың 
2.Ескі наным бойынша, адамды дерттен айықтыру мақсатында қолданылған 
аспап 
A)Домбыра 
B)Жетіген 
C)Асатаяқ 
D)Қобыз 
E)Сыбызғы 
3.Жасалатын табиғи материалы басқалардан өзгеше музыкалық аспап 
A)Домбыра 
B)Шаңқобыз 
C)Жетіген 
D)Сыбызғы 
E)Сазсырнай 
4.Музыкалық аспаптардың ұлттық құндылығы 
A)Егемен елдігіміздің айғағы 
B)Бейбітшіліктің символы 
C)Табиғи ескерткішіміз 
D)Тәуелсіздігіміздің нышаны 
E)Мәдени мұрамыз 
5.Мәтіннің мазмұнына сай тақырып 
A)Ұлттық аспаптар 
B)Ішекті аспаптар 
C)Сілкімелі аспаптар 
D)Жаңа заман аспаптары 
E)Үрмелі аспаптар 
6.Тиек орнына асық қолданылған музыкалық аспап 
A)Жетіген 
B)Шаңқобыз 
C)Сазсырнай 
D)Асатаяқ 
E)Сыбызғы 
 
3.5-мәтін 
Отырар кітапханасы 
Ежелгі Отырар қаласы Сырдарияның Арыс өзеніне құяр жерінде, Ұлы Жібек 
жолының бойында орналасқан. Айналасы – ат шаптырым терең ор, биік қорған. 
Төбе басында хан сарайы, жан-жағында тас, болат тамдар және қару-жарақ, теңге 
соғатын ұстаханалары, шәкірттер дәріс алатын бірнеше медресе (мұсылман 
университеті) болған. Қалаға тырнаша тізілген, иір мойын түйелер күндіз-түні 
келіп жатқан. Қаланың батыс жағындағы қақпа арқылы орыс көпестері, шығыс 
жағынан монғол, қытай кезбелері кіретін. Ал түстіктен Шаш, Бұқара қалаларынан 
шыққан араб саудагерлері, терістіктен башқұрт, саха ханзадалары жіберген керуен 
тізбектері келетін. Бұл керуендермен саудагерлер әртүрлі әшекей бұйымдар, 
маталар, тең-тең кітаптар әкелетін. Әр жақтан әкелген кітаптар Отырар қаласының 
үлкен кітапханасына жиналған. Бұл кітапхана заманында түкпір-түкпірден 
жиналған сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан. 
Отырарда жұлдыз санаған сәуегейлер, ойшылдар, ғалымдар, дүниенің сырын 
болжаған көріпкелдер өмір сүрген. Олар Отырар кітапханасынан сол кездегі 
барлық кітаптарды алып оқыған. Өздері ғажайып дастандар жазған. Әлемге аты 
шыққан ғалымдардың басым көпшілігі осы кітапханада болған. Білімге ұмтылған 
қаншама зерек шәкірт осынау кітапхана шырағданы астынан ғұлама атанды. 
Кейінгілерге ойлы сөздерін қалдырды. Отырар медресесін бітірген шәкірттерден 
қалған қағазға, сақтиянға (теріден жасалған кітап), қамысқа жазылған қолжазбалар 
Қазақстанның әр жерінен табылып жатыр. Көне заман кітаптары тек қана қолмен, 
қауырсын қаламмен жазылған. Бабаларымыз өздерінің тарихын, келер ұрпаққа 
арнаған сөзін қышқа, тасқа ойып қалдырған. Сүйекке, ыдысқа, теріге сіңіріп 
келтірген сөз, сөйлемдер қаншама?! 
Бабаларымыз ерте кезде Тараз қаласының маңында терісінен қағаз жасау үшін 
39


кілең ақ ешкілер өсіріпті. Ол үшін ешкі терісін алдымен иге салады. Майы кетіп, 
тұз сіңіп сірескен жарғақты көлеңкеге кептіреді. Содан кейін қағаздай жұқа 
болғанша илеп, иін қандырады. Дайын болған жұқа тері-қағаздар қатталып, 
оралып, түйеге тиеліп, шартарапқа жөнелтілген. Тараз ешкісінің терісіне түскен 
әріптер өшпеген. Олар жүздеген жылдар бойы сақталған. 
Отырар кітапханасы сөрелерінде ақ теріге жазылған, алтын жалатқан кітаптар көз 
жауын алатын. Мұнымен қоса күйген қышқа түсірген, ыдысқа ойған, тасқа, ағашқа 
қашап қалдырған бабалар қолтаңбасы да мол болған. 
Аңыз бойынша әлемге аты шыққан кітапхананы Шыңғысхан әскерлері өртеп 
кеткен. Алайда біраз кітапты қала қорғаушылары құмыраларға салып, жер астына 
тығып, сақтап қалған деседі. Елімізде қолжазба ескерткіштерін іздеу жұмыстары 
жүргізілуде. 
Астанада «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылып, табылған жазба 
деректер жинақталуда. Көп ұзамай мың жылдық тарихы бар білім ордасы – 
Отырар кітапханасы екінші өмірін бастамақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет