Семинар сабақтарының мазмұны
I Жалпы бөлім
1-тақырып Қылмыстық құқықтың ұғымы, міндеттері мен жүйесі
Қылмыстық құқық қылмыстық істі және жазаны орнататын заң нормаларының жүйесі. Қылмыстық құқық мәдениет пен өркениеттің жемісі және жеке құқық саласы. Қылмыстық құқықтың тарихи талабы әлемдік өркениеттің дамуы мен қылмыстық құқықтың өркендеуі. Қылмыстық құқықтың пәні мен әдісі. Қылмсытық – құқықтық реттеу пәні мен әдісінің ерекшелігі және олардың басқа құқық салаларының пәні мен әдістерінен айырмашылығы.
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы. Қылмыстық құқық институттарының және нормаларының қорғау, алдын – алу және тәрбиелік ролі. Қылмыстық заң нормаларының тиімділік мәселесі. Қылмыстық заңның міндеттері мен конституциялық заңдары. Жалпы адамзаттық құндылықтар және олардың қылмыстық құқықтың міндеттерін анықтаудағы ролі. Адам құқықтарын, бостандықтары мен мүддерлерін қорғау қылмыстық заңның басты міндеті. Қылмыстық құқық міндеттерінің құрылуынағы ізгілік және басқа да саяси бастаулардың маңызы.
Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық құқықтары құқық жүйесінің өздігінен құрылған комплексі. Қылмыстық құқық пен басқа аралас (конституциялық, әкімшілік, азаматтық және басқалар) құқық салаларының байланысы. Қылмыстық саясат мемлекеттік саясаттың бір бағыты. Тарихи талап және қылмыстық саясаттың өзгерушілігі. Қылмыстық саясат пен қалмыстық заң. Қылмыстық саясатты адам құқықтары мен бостандықтары туралы декларация және Конституциялық заңнамаларға сәйкес жүзеге асыру.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстық құқықтың пәні мен әдісі
Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары
Қылмыстық заңның міндеттері
Қылмыстық құқық жүйесі
Қылмыстық құқық мемлекеттік құқықтың бір бағыты ретінде
Әдебиет [1,2,3,4,10,12,19,20,36]
2-тақырып Қылмыстық құқықтың қағидалары
Қылмыстық құқық принциптерінің ұғымы. Қылмыстық – құқықтық қағидалардың жүйесі және олардың жалпы құқық қағидаларымен байланысы. Өркениет пен мәдениет дамуы қылмыстық құқық қағидаларының даму формасы. Қылмыстық құқық қағидалары түрлі заңның даму сатыларында.
Қазіргі заңнамадағы қылмыстық іс жүргізу құқығы, олардың түрлері мен жалпы сипаттамасы. Қылмыстық заңнама нормаларындағы қылмыстық – құқықтық қағидаларды жүзеге асыру, сонымен қатар құқық қорғау органдары мен соттардың іс - әрекеті. Қылмыстық заң алдындағы азаматтардың теңдігі қағидасы. Жасалған қылмыс үшін жеке жауапкершілік қағидасы. Жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке кінә қағидасы және жазаны тек соттың заңға сәйкес шешімімен ғана тағайындау. Бір жазаға екі рет жауап бермеу қылмыстық құқық қағидасы ретінде. Қылмыстық құқық міндеттерін жүзеге асыру және құқықтық қағидалардың ролі.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстық құқық принциптерінің ұғымы мен маңызы
Қазіргі заңнамадағы қылмыстық іс жүргізу құқығы, олардың түрлері мен жалпы сипаттамасы
Заңдық, ізгілік және әділеттік қағидалары
Қылмыстық заң алдындағы азаматтардың теңдігі қағидасы
Жазаны тек соттың заңға сәйкес шешімімен ғана тағайындау
Есеп шешу
Әдебиет [1,2,26,19,20]
3-тақырып Қылмыстық заң
Қылмыстық заң түсінігі мен маңызы және оның мазмұны. Мемлекет пен қоғам, жеке адамның мүдделерін қорғау қылмыстық заңды өзгерту немесе құру негізі ретінде. Қылмыстық заңның қызметі. Қылмыстық заңның басқа нормативті құқықтық актілерден ерекшелігі.
Қылмыстық заңның халықаралық – құқықтық құжаттармен сәйкес клу міндеттігі. Республиканың қазіргі таңдағы қылмыстық заңы. Қылмыстық заңның құрылымы. Қылмыстық –қ ұқықтық нормаларының ерекшеліктері мен ұғымы. Қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлімдері. Диспозийия мен санкция түсінігі. Кеңістіктегі қызмыстық заңның күші. Қылмыстық заңның территориялық қағидасы. Кеңістіктегі қылмыстық заңда қылмыс жасалған орынды анықтау. Қылмыстық заңның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтармен жасалған қылмыс үшін қызметі. Экстрадиция интитуты және оның маңызы.
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. Қылмыстық заңның күшіне енуі, жариялау тәртібі және күшінің жойылуы. Қылмыстық заңның кері күші.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстық заңның ұғымы, оның мазмұны мен маңызы
Қылмыстық заңның қағидалары мен міндеттері
ҚР қылмыстық заңының жалпы сипаттамасы, және даму бағыттары
ҚР Қылмыстық кодексінің құрылымы
Кеңістіктегі қылмыстық заңда қылмыс жасалған орынды анықтау
Қылмыстық заңның шетелдіктерге байланысты мәселесі
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. Қылмыстық заңның кері күші
Есеп шешу
Әдебиет [1,2,10,11,12,14,31,48,54]
4-тақырып Қылмыс пен құқық бұзушылық ұғымы. Қылмыс құрамы
Қылмыс ұғымы және белгілері. Қазіргі кездегі қылмыстық заңның қылмыс ұғымын анықтау. Адамның құқықтар мен бостандықтарына, қоғамдық және мемлекеттік мүдделеріне аса қауіпті зиян. Қылмыс деп танылатын істердің тарихи өзгергіштігі.
Қоғамдық қауіпті істердің криминализация және декриминализация мәселелері. Қылмыс құрамы: қоғамдық қауіптілік, құқыққа қарсылық, кінәлілік және қылмыстық жауаптылық. Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы. Қылмыс санаттары. Қылмыстық заңда белгіленген әрбір қылмыс санаттарының маңызы.
Қылмыс ұғымы әлеуметтік құбылыс ретінде. Қылмыс және құқық бұзушылық. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі.
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылыққа негіз ретінде. Қылмыс және қылмыс құрамы. Қылмыс құрамының құрылымы және элементтері. Қылмыс құрамының түрлері. Қылмыс құрамын анықтау маңыздылығы. Қылмыс құрамы және дәлеудеуді қажет ететін жағдайлар.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыс ұғымы және белгілері
Қылмыс белгілері және маңызы
Қылмыс санаттары және маңызы
Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының құрылымы және элементтері
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыс құрамы және дәлеудеуді қажет ететін жағдайлар
Есеп шешу
Әдебиет [1,20,26,37,38,40,49]
5-тақырып Қылмыстың объектісі. Қылмыстың объективтік жағы
Қылмыстық объектісінің түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы. Қылмыстық – құқықтық қорғау объектілері туралы қылмыстық заң. Қылмыс объектілерінің түрлері. Қылмыстың жалпы объектісі. Қылмыстың арнайы объектісі. Қылмыс обектісі және қылмыс жәбірленушісі.
Көп объектілі қылмыстар. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер. Қылмыс пәні және оның маңызы. Қылмыс пәні мен қылмыс объектісінің арақатынасы.
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы. Қылмыстың объективтік жағының белгілері. Объективті жағының мазмұны.Объективті жағын сипаттайтын қылмыс құрамының белгілері.
Қоғамқа қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздік түсінігі. Қылмыстық құқылық әрекетсіздік ұғымы және белгілері. Қылмыстық әрекетсіздікке жауапкершілік. Қылмыстық зардаптың түсінігі және олардың түрлері. Материалды және формалды қылмыс құрамы.
Себепті байланыс және оның қылмыстық құқылық маңызы. Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зарбап арасындағы себепті байланыс. Қылмыстық жауапкершіліктегі себепті байланыс ұғымы.
Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілері.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстық объектісінің түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы. Қылмыс объектілерінің түрлері
Қылмыс пәні мен қылмыс объектісі
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қоғамқа қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі
Қылмыстық зардаптың түсінігі
Материалды және формалды қылмыс құрамы
Себепті байланыс және оның қылмыстық құқылық маңызы
Қылмыс жасау тәсілі мен құралы
Қылмыс жасау жағдайы, уақыты және орны. Осы жағдайлардың қылмыстық құқықтық маңызы
Есеп шешу
Әдебиет [1,10,42,53,58]
6-тақырып Қылмыс субъектісі. Қылмыстың субъективтік жағы
Қылмыс субъектісінің түсінігі және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер. Қылмыстық құқықтағы кінә мәселесі. Кінә ұғымы мен формасы. Қылмыс пен жаза белгілеудегі оның маңызы.
Қасақаналық ұғымы. Қасақаналықтың еріктік және интеллектуалдық сәттері. Тікелей және жанама қасақаналық. Қылмыстық құқық теориясында ерекшеленетін қасақаналықтың басқа түрлері. Менмендік және оның еріктік және интеллектуалдық сәттері. Менмендікті тікелей қасақаналықтан айыру. Абайсыздық,оның менмендіктен ажырату және абайсыздық категориялары. Кінәсіз зиян келтіру және оның абайсыздықтан айырмашылығы. Қылмыс мақсаты мен ниеті және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағындағы эмоционалды сәттердің маңызы.
Қате ұғымы. Қылмыс субъектісі: ұғымы, міндетті және факультативті белгілері. Қылмыс субъектісі және қылмыскер. Қылмыскердің қылмыстық құқықтық маңызы. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік. Есі дұрыс еместіктің заңи анықтауы: оның биологиялық, медициналық, психологиялық және заңи критерилері. Шектеулі есі дұрыс еместік мәселесі: психологиялық ауытқулар бар тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік.
Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгілері. Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік. Қылмыстың арнаулы субъектісі. Қылмыстың арнаулы субъектісінің ұғымы мен түрлері. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелері.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыстық құқықтағы кінә мәселесі
Қасақаналық ұғымы
Абайсыздық және оның түрлері
Қылмыс мақсаты мен ниеті және маңызы
Кінәсіз зиян келтіру
Қылмыс субъектісінің түсінігі
Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік
Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгілері
Есеп шешу
Әдебиет [1,10,42,53,58]
7-тақырып Қылмыс істеу сатылары
Қылмыс істеу сатылары туралы ұғым. Қылмыс істеу сатыларының түрлері: дайындалу,оқталу, аяқталған қылмыс. Қылмыс істеу сатыларының жауаптылыққа тартудағы маңызы. Аяқталған қылмыс. Бөлек қылмыс түрлерінің аяқталу сәттері. Ақталмаған қылмыс.
Қылмыс істеуге дайындалу ұғымы мен белгілері. Дайындалуды қасақаналықтан айыру. Қылмыс істеуге дайындалу формалары. Қылмыс істеуге дайындалудың қоғамдық қауіптілігі және оны анықтау. Қылмыс істеуге оқталу ұғымы. Оқталудың объективті және субъективті белгілері. Оқталудың дайындалудан айырмашылығы. Дайындалу мен оқталуға қылмыстық жауапкершілік.
Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту. Өз еркімен бас тарту ұғымы. Өз еркімен бас тартудағы қылмыстық жапкершілік.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыс істеу сатылары туралы ұғым
Аяқталған қылмыс
Ақталмаған қылмыс
Қылмыс істеуге дайындалу ұғымы мен белгілері
Қылмыс мақсаты мен ниеті және маңызы
Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту
Есеп шешу
Әдебиет [1,10,42,49,50,53,58]
8-тақырып Қылмысқа қатысу
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі. Қазақстан Республиасының қылмыстық заңында қылмысқа қатысу интитутының дамуы.
Қылмысқа қатысудың объективтік және субъективтік жағы. Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі және шегі. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары. Қатысушылардың түрлері.
Қылмыстық құқық бойнша бірге қатысушылар нысаны: бір топ тұлғалармен жасалған қылмыс, алдын ала сөз байласу нәтижесінде жасалған қылмыс, қылмыстық ұйыммен. Қылмысқа қатысудағы қылмыстық жаупкершілік. Жаупкершіліктің ауырлататын және жеңілдететін жәйттары. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері.
Қылмысқа бірге қатысушының эксцессі. Қылмысқа қатысудан өз еркімен бас тарту. Орындалмай қалған ұйымдық әрекет.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмысқа қатысудың объективтік және субъективтік жағы
Қатысушылардың түрлері
Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары
Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі және шегі
Қылмысқа жанасушылық
Есеп шешу
Әдебиет [1,10,11,12,42,49,53,58]
9 Тақырып Қылмыстардың көптігі
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі. Қылмыстардың көптігінің әлеуметтік және заңи сипаттамасы. Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырату. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы.
Қылмыстардың көптігінің түрлері. Қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстардың жиынтығын бәсекелестіктен айыру. Қылмыстың рецидиві. Рецидив ұғымы және түрлері.
Қылмыстың қайталануының құқықтық нәтижесі, тәртібі және талабы.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырату
Қылмыстардың жиынтығы
Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы
Рецидив ұғымы және түрлері
Есеп шешу
Әдебиет [1,10,11,12,42,49,53,58]
10-тақырып Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайлар
Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайлардың түсінігі және түрлері. Осы мән жайлардың қылмыстық жауаптылықтан жоятын жайлардан айырмашылығы.
Қажетті қорғану. Қажетті қорғану азаматтың конституциялық құқығы ретінде. Қажетті қорғану қылмыспен қарсы күресудегі мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жалған қорғану. Қажетті қорғануды шақыру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік. Аса мәжбүрлі қажеттілік. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы.
Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру. Орынды тәуекел. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе өкімді орындау.
Семинар сабағының жоспары
Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайлардың түсінігі және түрлері
Қажетті қорғану
Аса мәжбүрлі қажеттілік
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Орынды тәуекел
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Бұйрықты немесе өкімді орындау
Есеп шешу
Әдебиет [1,10,11,12,42,49,53,58]
11-тақырып Жазаның түсінігі және мақсаттары
Жазаның түсінігі. Жазаның басқа қылмыстық құқықтық шаралардан және мемлекеттік мәжбүрлеуден айырмашылығы. Жаза мақсаттары. Әлеуметтік әділеттікті орындау. Сотталғандарды түзету. Жаңа қылмыстарды жасадың алдын алу. Жалпы және арнаулы ескерту.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қылмыстық кодексіндегі жаза жүйесі. ҚР ҚК жаза түрлері. Негізгі және қосымша жаза. Жаза негізгі және қосымша жаза түрі ретінде. Қылмыспен күресудегі арнайы жаза түрлерінің маңызы мен ролі.
Айыппұл қылмыстық жаза шарасы ретінде. Оны алу тәртібі. Айыппұл мөлшері. Айыппұлды басқа жаза түрлерімен алмастыру. Айыппұл төлеуден бас тартудың нәтижелері.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы жазалардың негізгі тәртібі. Жазадан жалтару жауапкершілігі.
Қоғамдық жұмыстарға тарту. Оның түсінігі мен мерзімі. Қоғамдық жұмыстарға тартылынбайтын тұлғалар. Түзеу жұмыстары. Осы жаза түрінің ұғымы, мерзімі мен маңызы. Түзеу жұмыстарынан жалтару.
Қамау. Қамда ұсталыну мерзімі. Қамауға алынбайтын тұлғалар. Бас бостандығын шектеу. Бас бостандығынан айыру мерзімі. Бас бостандығынан айыру. Әскери қызмет бойынша шектеу. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау.
Өлім жазасы. Өлім жазасын қолданудағы шектеулер. Өлім жазасын өзгертетін өмір бойы бас бостандығынан айыру мәселесі. Мүлікті тәркілеу және оның түрлері. Мүлікті тәркілеуде қолданылатын тәртіптер. Тәркілеуге жатпайтын мүлік. Мүлікті тәркілеудің қылмыстық жаза арнайы тәркілеуден айырмашылығы.
Семинар сабағының жоспары
Жаза ұғымы және оның белгілері. Жаза мақсаты. Жазаның басқа қылмыстық құқықтық шаралардан және мемлекеттік мәжбүрлеуден айырмашылығы
Жаза жүйесінің ұғымы және маңызы
Негізгі және қосымша жаза
Жаза түрлерінің сипаттамасы:
1) айыппұл;
2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
Қоғамдық жұмыстарға тарту
Түзеу жұмыстары
Бас бостандығын шектеу
Қамау
Бас бостандығынан айыру
Өлім жазасы
Мүлікті тәркілеу
Есеп шешу
Әдебиет [1,10,11,40,42,43,48]
12-тақырып Жаза тағайындау
Жаза тағайындаудың жалпы бастамалары. Жаза тағайындаудағы қылмыстық заңнаманың Жалпы бөлімінің жағдайының маңызы. Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің баптарының жазада тағайындау санкциясын есепке алу; жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын; тұлғаның кінәлілігін; оның ішінде қылмыс жасалғанға дейін және кейін оның тәртібі; жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар; тағайындалған жазаның сотталғанға және оның отбасысының өмір сүру жағдайына әсері.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар және олардың түрлері. Берілген жазаға қаралған жазадан кемірек тағайындау. Қылмыстың жиынтығы кезінде жаза тағайындау.
Аяқталынбаған және қылмысқа қатысқаны үшін жаза тағайындау. Мерзім тағайындау.
Шартты түрде соттау. Шартты түрде соттау үшін тәртіп пен негіз. Сынақ мерзімі және оның ұзақтығы мен маңызы. Шартты түрде соттаудан босату және сынақ мерзімін ұзарту.
Семинар сабағының жоспары
Жаза тағайындаудың жалпы бастамалары
Жазаның жекелеу маңызы
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар
Берілген жазаға қаралған жазадан кемірек тағайындау
Қылмыстық жиынтықта және шешімдер жиынтығында жаза тағайындау
Ақталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
Рецидив кезінде қолданылатын жаза.
Шартты түрде сақтау
Есеп шешу
13-тақырып Қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық институтында бұл институттың мағынасы. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың пайдасы.
Қылмыстық жауаптылықтан босату және қылмыстық заң міндеттерін орындау. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудан кейінгі қылмыстық-құқықтық салдары.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімі. Ескіру мерзімін тоқтату және үзіліс. Ескіру мерзімін қолданбау.
Семинар сабағының жоспары
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі мен мәні
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негізі мен рөлі
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Есеп шешу
14-тақырып Жазалаудан босату. Сотталғандықтан арылу және жою
Жазадан босату түсінігі мен мәні. Олардың түрлері, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде блсатудың қолдану реті.
Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. Осы институттың жаза өтеп отырғандардың түзелуіне, жаңа қылмыстардың пайда болмауын ескере отыратын мағынасы. Өтелмеген жазаны жазаның жеңіл түріне ауыстыру мен жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан айырмашылығы. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын өзтеуін кейінгіге қалдыру. Кейінге қалдыру мерзімі. Аталған тұлғалардың жазасын өтеуін кейінгіге қалдыру реті.
Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. Төтенше мән-жайлардың салдарынан босату және жазаны өтеуді кейінгіге қалдыру. Айыптау үкімін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату. Айыптау үкімінің ескіруі. Ескіру мерзімі және шарттары. Ескіру мерзімінің үзілісі. Заң бойынша ескіру мерзімін қолданбау. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық-құқықтық рақымшылық немесе кешірім жасау регламенті. Олардың басқа қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудан айырмашылығы.
Соттылықтан айырылу және оны жою. Осы институттың қылмыстық құқықтағы мәні. Соттылықты өтеу мерзімі. Соттылықты жою тәртібі. Сотталған адам соттылықты жою мерзіміне дейін тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімінің реті.
Семинар сабағының жоспары
Жазадан босатудың түсінігі мен түрлері.
Өтелмеген жазаны жеңілдетілген жазаға ауыстыру. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
Төтенше мән-жайлардың салдарынан босату және жазаны өтеуді кейінгіге қалдыру
Айыптау үкімін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын өзтеуін кейінгіге қалдыру
Кешірім жасау; оның қылмыстық-құқықтық реттеуі
Сотталғандық
Есеп шешу
Тақырып 15 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері. Кәмелетке толмағапндардың қылмыс жасауының әлеуметтік сипаттамасы. Жауаптылықтың негізі мен жағдайлары.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалаудың ерекшелігі. Он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуы. Оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану. Көрсетілген шаралардың қолдану реті, негізі, табиғи құқығы.
Семинар сабағының жоспары
Кәмелетке толмағапндардың қылмыс жасауының әлеуметтік сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың жауаптылық негізі
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері
Кәмелетке толмағандардың жазадан босатуы
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары. Оларды қолдану негіздері мен реті
Есеп шешу
Достарыңызбен бөлісу: |