ХХ ғасырда адамзат дамуындағы құбылыстардың ішінен компьютер- лер мен ақпараттық қоғамдардың пайда болуы ең маңызды жайт
болып саналады. Ақпаратты жасау, сақтау, жіберу және тұтыну барысында ғылымда жаңа бағыт – информатика қалыптасты. 1980 жылдар - дамыған елдерде жаппай компьютерлендіру кезеңі болды. Бұнда жыл сайын әртүрлі сипаттағы компьютерлер, соның ішінде дербес (персональді) компьютерлер сауда айналымына ондаған миллиондап түседі.
Компьютерлендіру оқу үрдісіне, ғылыми мақсаттарды жүзеге асыруда, таным үрдісі мен ойлау салаларына айтарлықтай ықпал етеді. Ақпараттық технологиялар экономикалық, әлеуметтік және басқа да салалардағы қуатты қайта құрушыға айналды. Компьютерлендіру және ақпараттандыру үрдістері әр түрлі елдер мен аймақтарда бір қалыпты өтпегенмен, бұрын-соңды болмаған биік деңгейге жеткені соншалық, тіпті бұл тұрғыда қорытындылар жасап, болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік туып отыр. Адамзат әрекетінің барлық салаларын компьютерлендіру – қоғамның негізгі мақсаты, әрі әлеуметтік дамудың императиві болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асырмайынша азаматтарға жайлы өмір қамтамасыз ететін қоғамдағы гуманистік қайта құрулар, экономикалық ілгерілеу мүмкін емес. Информатиканың философиялық мәселелерін осы тұрғыда қарастыруымыз қажет.
Информатика –ақпараттың алыну, жіберу, өңдеу, талқылау, сақтау, ұсыну үрдістерін зерттеумен; қоғамдық өмірдің барлық салаларында ақпараттық техника мен технологияларды құру, қалыптастыру және қолдану мәселелерін шешумен айналысатын ғылыми-техникалық бағыттың бір саласы. «Информатика» термині 1960 жылы Францияда электронды есептеуіш машиналар көмегімен ақпаратты өңдеуші саланың атауы ретінде қалыптасты. Француздық «informatique» термині екі сөздің бірігуінен information (ақпарат) және automatique (автоматика) жасалған, яғни «ақпараттық автоматика» немесе «ақпаратты автоматты түрде өңдеу». Ағылшынтілдік елдерде бұл терминнің түсінігі: «computer sciense» - компьютерлік техника туралы ғылым. Компьютерлер бұрын жеке құрылым болған ғылыми-зерттеу, инженерлік ізденістер, электронды есептеуіш қызметтермен кешенді пәнге – информатикаға біріккен. 1960 жылдардың соңында «информатика» түсінігі тек ақпаратты автоматты өңдеумен ғана айналыспай, информатиканың
ғылыми теориясымен де байланыстырылды. Информатика түсінігі информатика теориясындағы жалпы, құрылымтүзуші түсінік болып табылады. Осы ұғымның ғылыми-философиялық түсіндірілуі – қазіргі заманғы білімнің ең негізгі мақсаттарының бірі. Ақпарат көптеген ғылымдардың басты нысаны ретінде көрінеді. Солай бола тұра, заманауи ғылыми білімнің дамуы бұл түсінікке дәл, аяқталған қорытынды анықтама бере алмайды, оның пәндік ауқымы біздің әлем туралы түсінігіміз тереңдеп, кеңейген сайын дамуда.
Күнделікті танымда ақпарат көбінесе құбылыс, оқиғаларды адамдар арасында тарататын мәлімет, хабар есебінде түсіндіріледі. Мұндай мағына оның толық мазмұнын аша алмайды. Сонымен, адам өз сезім мүшелері арқылы алатын ақпарат түрлері бар, олар – қоршаған ортаның темпераратурасы, тәулік мерзімі, жер бедері т.б. Мұндай ақпаратты басқа адамның қатысынсыз, қоршаған әлемнен тікелей ала алады. Н.Винер «Кибернетика және қоғам» еңбегінде ақпаратты:
«сыртқы әлемге бейімделу үрдісіндегі мазмұнның белгіленуі және оған біздін сезімдеріміздің бейімделуі»- деп сипаттайды. Бұл жағдайда ақпарат «сыртқы әлемнің мазмұны» категориясы арқылы анықталады және тікелей адаммен, оның ойымен байланысқан. Басқаша айтқанда, Винер бойынша, ақпарат адам санасынан тыс өмір сүре алмайды. Ақпаратқа мұндай анықтама беру антропологиялық, яғни адами көзқарастан туындайды.
Ақпаратты антропологиялық тұрғыда түсіндіру адамзат білімінің әр салаларында соңғы уақытқа дейін қанағаттандырлқтай қызмет етті. Алайда компьютерлік техниканың кең түрде енгізілуінен бұл принциптің көптеген кемшіліктері шыға бастады. Біріншіден, ақпаратқа тек мәлімет сияқты қарау компьютерлік бағдарламаларда, желілерде адамның қатысуынсыз өте беретін нысандарда ақпарттық үрдістерді адекватты түсіндіруге мүмкіндік бере алмайды. Екіншіден, анторопологиялық принцип аясында тірі табиғаттың тұқым қуалаушылық ақпаратына адекватты анықтама беру мүмкін емес. Осыған байланысты ақпаратты түсіндіруде оның пәндік аумағын кеңейту қажетілігі туындайды, адам мен адам арасындағы мәлімет алмасуға қосымша, адам мен автомат, автомат пен автомат, жасуша мен жасуша арасындағы алмасуларды енгізуді талап етеді.
Ақпарттың ғылыми теориясы 1940 жылдың соңында басылған К.Шеннон еңбектерінен басталады. Ол ақпарат деп кез-келген хабарды емес, осы хабарды алушының түсінбеушілігін азайтатын түрін ғана қарастырады. Түсінбеушілік бірнеше мүмкіндіктің ішінен нысанға әсер ететін түрін бейнелеуде пайда болады. Шеннон ақпаратты бір нысанның екіншісіндегі көрінісі ретінде түсіндірген. Бұлай нысанды бейнелеудің (ақпараттық модель) өзіндік ішкі құрылымдары бар, соның негізінде
ақпараттың мәні анықталады. Шеннон теориясында ақпаратқа кибернетикалық көзқарас қалыптасты: бірінші кезекте ақпаратты берудің коды мен арнасы, идеясы қойылды. Қазіргі кезде ақпаратқа кибернетикалық көзқарастың дамуы үш негізгі бағытта өтуде: нақты жүйелердің ақпараттық құрылымдарының талдауы (техникалық, физикалы, биологиялық, әлеуметтік т.б.); ақпараттық бейнелеудің ұстанымдарын қалыптастыру; информатиканың техникалық бағдарламалық құралдарының ұстанымдарын қалыптастыру.
1960 жылдардың басында Ю.А.Шрейдер басқаруды оңтайландыру жолында нысандағы ақпараттың құрамының байлығы мен құрылымдығы оның қабылдануы мен тиімділігіне тигізетін әдістерін ұсынды. Осылай Шрейдердің ақпараттық семантика теориясы пайда болды. Оның Шеннон теориясынан айырмашылығы болды. Шрейдер теориясында ақпаратты алушы және жинақтаушы қабылдағышқа, сонымен бірге оның семантикалық (мәндік) мағынасын бағалауға басты назар аударылады. Ақпарат берудің арнасы туралы мәселе екінші орынға кетеді. Семантикалық теориясының негізгі идеясы – мәндік ақпаратты оның сыртқы ақпараттың әсерімен өзіндік семантикалық тұрғыда өзгеру деңгейін бағалау.
Сыртқы ақпарат көздерінен мәлімет алу үшін қабылдағыш-жүйе минимальді білім қорын игеруі қажет, оны Шрейдер «тезаурус» (айқындалған бастапқы, «босағалық» ішкі ақпарат ) деп атайды. Егер осы «босағалық ақпарат» болса, онда жүйе өз тезаурусын кеңейтіп, сырттан алған ақпаратпен қаныққан деңгейге жетеді. Бұл тізбекті адамның ақпаратты қабылдауы мысалымен түсіндіруге болады. Мысалы, сіздің сыртқы ақпарат көзіңіз – философия ғылымының тарихынан төменгі сынып оқушысы ешқандай пайдалы ақпарат ала алмайды (оған оның бастапқы тезаурусы жеткіліксіз) жоғары сынып оқушысы біраз ақпарат алады, ал осы пәнді оқитын студент немесе аспирант өзіне барынша мол ақпарат алуға қабілетті.
Заманауи зерттеулерде екі түрлі ақпарат бар: ішкі (құрылымдық ақпарат) – кез-келген жүйенің ұйымдасқан түрі және сыртқы ақпарат – жүйені ұйымдастыру құралы.
Құрылымдық ақпарат – жанды және жансыз табиғатқа тән және ол жүйедегі іріктеу, тіркеу (фиксациялау) және түйіндеу нәтижесінде апайда болады.
Сыртқы ақпарат – кез-келген жүйенің ұйымдастырылу құралы; бейнелеумен тығыз байланысқан қатыстық, оперативті ақпарат. Егер бір нысанда келесі нысанның ықпалымен өзгерістер болып жатса, онда бірінші нысан екінші нысандағы ақпараттың жеткізушісі болады. Шеннонның теориясы ақпараттың сыртқы аспектісін қарастырса, Шрейдердің семантикалық көзқарасы ішкі ақпаратты бейнелейді.
«Ақпарат» түсінігінің көпқырлығы мен көпмазмұндылығы оны жалпы ғылыми категория, әмбебап (универсальді) субстанция ретінде сипаттайды. «Ақпарат – генерализациялы-фундаментальді түпнегіз (ауа, су, жер, сәулелер, ғарыштық сәулелер) кодтық-ұялық кеңістіктің заттануы мен дематериализациясы арқылы пайда болады».
Ақпараттың негізгі қасиеттері: мінсіздік, қабылдағыштық, сарқылмаушылық, тасымалданушылық, әмбебаптық, жоғары жылдамдықта тасымалдауда қысылу қабілеті, толымдық, қол жетімділік, актуальдығы.
Сонымен, ақпарат – күрделі, көп қырлы құбылыс. Информатика, кибернетика (грек тілінен аударғанда басқару шеберлігі) – күрделі динамикалық жүйелерді басқару заңдылықтарын зерттейтін ғылыммен өте тығыз байланысты. Бұндай жүйелер қатарыда тірі ағзалар да, әлеуметтік және техникалық құралдар да қарастырылады.
«Кибернетика» терминін алғаш рет ғылымға енгізген француз математигі және физигі А.Ампер өзінің ғылымдар классификациясында қоғамды басқару ғылымы түрінде қолданған. 1948 жылы Н.Винер кибернетиканы басқару туралы теориялық түсініктердің жиынтығы деп қарастырды. Оның «Кибернетика және қоғам» еңбегінде басқару үрдістерін оңтайландыру үшін автоматты жүйелерге көп көңіл бөлініп, тек басқару туралы емес, қоғамды компьютерлендіру мәселелері де көтеріле бастады. 1950-60 жылдары кибернетиканың дамытқан Ресей академиктері А.И.Берг пен В.М.Глушковтар халық шаруашылығы мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейту үшін компьютерлендіру мен байланыс желілерін дамыту қажеттілігін дәлелдеді. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде И.Г.Петровский мен А.Н. Колмогоровтардың ат салысуымен кибернетика және есептеуіш техника факультеті ашылды. Содан кейін осындай сипаттағы факультеттер мен бөлімдер Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық ЖОО-нда ашылды. 1983 жылы наурызда СССР Ғылым Академиясының Жалпы жылдық жиналысының шешімімен Академияның жанынан информатика,
есептеуіш техника мен автоматтандыру бөлімі құрылды.
Кибернетиканың негізінде жүйелер мен ақпараттың жалпы теориясы жатыр. Есептеуіш техниканың, роботтехниканың дамуымен көптеген мәліметтер жинақталып, кибернетиканың бірыңғай теориялары жасалды. «Кибернетиканың мақсаты – байланыс пен басқарудың тілі мен техникалық құралдарын шығару, сонымен қатар олардың спецификалық көріністеріне түсінік беру үшін тиісті идеялар қорын табу»,- деп кибернетиканың негізін салушы Винер жазған. Кибернетикада жүйе – бір-бірімен байланысты бөлшектердің жиынтығы, ал ақпарат – жүйенің келесі бір жүйеде көрініс табуы. Мұндай көрініс физикалық бөлшектер мен құбылыстар негізінде жасалады. Бірақ мұндай ақпарат физикалық
құрылым болып табылмайды. Ақпараттық модельдеудің арқасында ол қуат пен шикізаттың аз жұмсалуының нәтижесінде модельденуші үрдістерден озып, реалды уақытқа басқарушылық әрекеттерін жүзеге асыра береді.
Кибернетикалық жүйелер үш кезеңдік принцип бойынша жұмыс істейді: тікелей байланыс, кері байланыс, тікелей байланыстың түзетілуі. Кибернетиканың іс-тәжірибелік құралдары, яғни компьютерлік техника, ақпарат беру техникасы, алғашқы ақпаратты беру құрылғылар, орындаушы механизмдер мен роботтар – кибернетиканы информатикамен жақындастыра түседі.
Информатиканың негізгі зерттеуші пәндері:
ақпарат- ерекше объект, оның ерекшеліктері мен қасиеттері; мотивация, ақпараттық өндірістің негіздері мен мақсаттары; ақпарат пен ақпараттық нысандардың жіктелуі; ақпараттың сапасын бағалау мәселелері; шешім қабылдаудағы ақпараттың рөлі;
ақпараттық үрдістер, яғни ақпаратты шығару, тарату, қайта өңдеу, іздеу, алу, тасымалдау және тұтыну;
ақпараттық жүйелер, соның ішінде автоматтырылған ақпараттық жүйелер, компьютерлік техника, байланыс және телебайланыс негізіндегі басқа да ақпараттық-байланыстық технологиялар.
Информатиканың мақсаттары:
адам әрекетінің әр салаларындағы ақпараттың жасалу, қайта өңделу, беру және қолданылу үрдістерінің жалпы заңдылықтарын айқындау;
ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудағы тиімді әдістерді жасау, техникалық құралдарды белсенді қолдана отырып, оңтайлы ақпараттық байланыс құралдарын айқындау.