пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым - философтары экономиканың жекелеген мәселелерін:
бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған. Ксенофонт, Платон, Аристотель пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.
Көне Рим ойшылдары Сенека, Лукреций Кар құлиелену- шіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы дейді олар. Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді.
Ерте дүниеде де, орта ғасырларда да экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған. Сондықтан замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам, адам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құл иелену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болып (грекше: "политейя"– қоғам, "ойкос"– үй,
шаруашылық, "номос" – заң), ал экономикаға (гр. Oikonomia – үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар деген анықтама берді.
Саяси экономия – қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. Экономикалық ой - пікірлердің ғылыми
тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды қамтиды, саяси экономия дербес ғылымға айналды.