І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері



бет28/56
Дата20.09.2022
өлшемі278,81 Kb.
#150145
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
kazedu 201572

Кеңістік бағдарлау өрнектемесін тар мағынада ұғынсақ, оны жер бетінде бағдарлану деп түсінеміз. Бұл мағынада алғанда кеңістікте бағдарлау дегеніміз: а) «тұрған нүктесін» анықтау, яғни өзін қоршаған обьектілерге қарағандағы субьектінің тұрған орны, мысалы: «Мен үйдің оң жақ жанында тұрмын» т.с.с.; б) кеңістіктегі бағдарланушы адамға қарағанда айнала қоршаған обьектілердің локализациясы, мысалы: «Шкаф оң жақта тұр, ал -есік менің сол жағымда»; в) кеңістіктегі нәрселердің бір біріне қарағандағы орнын анықтау, яғни олардың арасындағы кеңістік қатынастарды, мысалы ;«Қуыршақтың оң жағында қонжық отыр, ал сол жағында доп жатыр».
Қозғалыс кезінде кеңістікте бағдарлай білу қажет -ақ. Тек осы жағдайда ғана жер бетіндегі бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыру мүмкін. Бұлайша бағдарлай білу үшін үш мәселенің басын құру керек; мақсат қою және қозғалыс маршрутын белгілеу (бағыт белгілеу); қозғалыс үстінде бағытты сақтап отыру және мақсатқа жету.
Кіші жастағы балалардың кеңістік қабылдауының даму ерекшеліктерін зерттеуге көптеген еңбектер бағышталып отыр. Олардың көрсетуіне қарағанда, кеңістік қабылдау қабілеті төрт- бес аптада ақ білінеді; нәресте 1 -1,5м жердегі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Қозғалып бара жатқан нәрседен көзін айырмай қарайтын кез екі төрт айда ақ байқалады. Алғашқы кезеңде көзін кенет аударып қараса, кейін кеңістікте қозғалып бара жатқан нәрседен көзін айырмай қарайтын кез әр түрлі балада үш айдан бес айға дейін кездеседі.
Көз тоқтату механизмінің даму барысында бастың,дене тұлғасының дифференциалды қозғалысы қалыптасады,баланың кеңістіктегі орны да өзгереді. «Бұл жаста нәрсенің қозғалысына қарап бала көзін де қозғай бастайды», -деп жазды Д.Б.Эльконин. Алайда олар нәрсені не іздестіру, не іздеу дегенді білмейді. Нәрсені кейінірек, оның кеңістіктегі қозғалысына көз салғанда іздейтін болады. Сондықтан көз салып қарау мен іздестіруді кей- кейде айыру мүмкін болмай қалады. Сенсомоторлық тәжірибені жинақтау процесінде кеңістікте обьектілерді айыра білу қабілеті өседі, ара қашықтықтар дифференциясы артады. Сөйтіп үш айлық балдырған 4-7 м қашықтықта нәрсені байқап отырса,ал тоғыз айда айнала қозғалып жүрген нәрсені бақылап отыратын болады. Қозғалыстағы нәрсені әр түрлі қашықтықтан осылайша байқау процесі бала бір жастың ішінде кеңістік тереңдігін түсіне бастайтындығын білдіреді.Сонымен,баланың өзі нәрсеге қарай ұмтылып қозғалудан бұрын обьект қозғалысы сенсорлық дамудың және сенсорлық функциялардың көзі болып табылады.
Сірә, да, кеңістікті бала жіктеліп бөлінбейтін үздіксіз деп қабылдайтын болар. Қозғалыс болса,нәрсені айнала қоршаған кеңістік ішінен бөліп әкетеді. Ең алдымен көзін қадап қарауы,одан кейін мойнын бұруы, қол қимылдатуы тағы басқалары қозғалыстағы нәрсе баланың назарына түскен обьект екендігін білдіреді, бұл оның өзінің ұмтыла қозғалуына себепші болады.
Нәрсенің кеңістіктегі қозғалысын байқау былайша өрістейді; оны алдымен бала өзінен ілгері қарай горизонталь бағытта қабылдайды, одан кейін ұзақ жаттығулар нәтижесінде бала нәрсенің вертикаль бағыттағы қозғалысын да бақылап үйренеді, мұның өзі оның кеңейтеді, оның нәрсеге өзінің ұмтылуына себепші болады. Біртіндеп барып обьектінің және баланың өзінің қозғалысы бірлесе отырып сенсорлық механизмді дамыта бастайды.
Дененің вертикаль қалпы дами келе және өзі қозғала (жүре) бастағаннан кейін бала кеңістікті іс жүзінде игеруі едәуір кеңейеді. Өзі қозғала отырып,бала бір нәрседен екіншіге дейін ара қашықтықты игереді, ара қашықтықты тіпті өлшемек болып әрекет те жасайды. Мысалы; кереуеттің шабағын бір қолымен ұстап тұрып,диванға қарай соза береді,ара қашықтықты өлшемек болғандай және ең қысқа жолды тапқандай ақ керуеттен қолын босатып, диванды жағалап қозғала бастайды. Жүре бастағаннан кейін кеңістікті игерудің жаңа түйсіктері пайда болады, олар тепе -теңдік түйсігі, қозғалысын күшейтуге немесе бәсеңдету, бұлар көру түйсігімен ұштасып жатады.
Баланың кеңістікті іс жүзінде осылайша игеруі оның кеңістікте бағдарлауының бүкіл структурасын функционал түрде өзгертеді. Кеңістікте қабылдау дамуының сыртқы өмір нәрселерінің кеңістік белгілері мен қатынастарының жаңа кезеңі басталады.
Кеңістік игеруінің практикалық тәжірибесін жинақтай келе, сол тәжірибені қорытындылайтын сөздің өзін де біртіндеп игеретін болады. Алайда мектепке дейінгі ерте және кіші жаста кеңістік қатынастарды танып білуде және түсініктерді қалыптастыруда тікелей өмір тәжірибесі жетекші роль атқарады. Ол болса,мектеп жасына дейінгі балаларда олардың алуан түрлі әрекеттерінде (қозғалыс және құрылыс ойвндары,сурет салу әрекеті қыдырып жүрген кезде байқағандары т.с.с.) жинақталады. Кеңістікті қабылдаудың жүйелік механизмін қалыптастыруда қозғаушы күшті жинақтай келе сөздің атқарар ролі арта бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет