І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Төрт жастағы балаларында нәрселердің өлшемі мен формасы туралы түсініктерін дамыту



бет33/56
Дата20.09.2022
өлшемі278,81 Kb.
#150145
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
kazedu 201572

Төрт жастағы балаларында нәрселердің өлшемі мен формасы туралы түсініктерін дамыту.
Кішкентайлардың екінші тобындағы балалар нәрселердің өлшемі мен формаларын қабылдауын дамыту, олардың сезім арқылы қабылдау тәжірибесін жетілдіре және молайта түсу маңызды. Бұл жұмыс тек сабақ кезінде ғана емес, сондай -ақ дидактикалық ойындарда және күнделікті өмірде өткізіліп отыруы тиіс. Нәрселердің өлшеміне балалар ерте кезден-ақ назар аудара бастайды.
Балалардың өз іс -әрекеті процесінде өздерін қоршаған заттардың қасиеттері (түсі, өлшемі, формасы) жөнінде айқын да дұрыс түсініктері бірте -бірте қалыптасып отыруы тиіс.
Заттармен іс -әрекет жасағанда баланың сенсорлық тәжірибесі молаяды; заттардың сипат -ұстау арқылы бала олардың үлкендігін формасын танып біледі. Ал егер оның іс-әрекетін көрсететің ересектердің сөздерімен қосарласа жасалып отырса, баланың сөз қоры байып, ақыл -ойы дамиды. Балалардың әртүрлі заттармен жасаған іс әрекеттерің тәжірибесі оларды ең қарапайым қорытынды жасауға келтіреді: әр түрлі заттар үлкен, кіші, ұзін, қысқа бола алады. Заттар осындай -ақ дөңгелек (тәрелке, табақ, доп) және бұрыштары бар (кітап, үстел, дәптер) т.с.с болып келеді. Жыл басында ( сентябрьде ) балаларды шағын топтарға (4-5 баладан) бөліп олармен сабақтарды дидактикалық ойындар түрінде өткізуге болады. Мысалы, тәрбиеші 10 сақинадан құрастырылған пирамида да алады да оның теп -тегіс, сақиналар бір түсті екеніне балалардың назарын аударады: балалар пирамиданы, оның формасын қоладырмен сипап, ұстап көреді: (пирамиданың барлық сақиналарының өлшемі бірдей ме?) – деп сұрайды тәрбиеші. Сақиналарды жеке -жеке шығарып алады. Балалар бір сақинаны екіншісінің үстіне салып, олардың үлкендігі түрліше екендігіне көз жеткізеді. Тәрбиеші кезектестіріп балаларға ең үлкен сақинаны тауып алып, оны шыбыққа кигізуді ұсынады. Әр бала басқа сақиналардың ішінен ең үлкенің таңдап алады, бірақ алдынғымен салыстырғанда ол кіші болып шығады. Тәрбиеші бұған балалардың назарын аударады және үлкен, кіші деген ұғымдардың салыстырмалы екендігімен оларды алғашқы рет таңыстырады. Тәрбиеші ол сақиналардың бәрінің дөңгелек екенің атап айтады. Осыдан кейін тәрбиеші екенші бір пирамиданы алады, бұл да бір түсті бірақ ол бара-бара кішірие беретін квадраттардан құрастырылған нүкте балалардың назары мұның бірінші пирамидадан өзгешелігіне аударылады(біріншісі теп-тегіс, жұмыр, екіншісі-бұрыштары бар,тегіс емес). Шыбықтан квадраттарды шығарып алып, балалар олардың формасы мен таңысады, оны атайды, саусағымен айналдыра жүргізіп көрсетеді. Сақина мен шаршының формаларын салыстыра отырып, балалар бір пирамиданың сақиналары дөңгелек, ал екінші пирамиданың квадраттардың бұрыштары бар деген тұжырымға келеді салыстыру үшін бір квадратты екінші квадратқа беттестіріп салып, олардың үлкенді-кішілі екендігіне көз жеткізеді. Әр балаға кезегімен ең үлкен квадратты таңдап алып шыбыққа кигізу тапсырылады. Үстел үстінде қалған квадраттың ең үлкені шыбыққа кигізілген квадраттан кіші екендігін балалар тағы да көреді. Балаларға сақиналары мен квадраттары үстелге шашып тасталған екі пирамида беріледі де олар екі-үштен бірігіп өздері әр жолы ең үлкен сақинаны(немесе ең үлкен квадратты) таңдап алу керектігі жөніңдегі ережеге сүйеніп құрастырады. Келесі сабақтарда тапсырма күрделірек болуы мүмкін: пирамиданың сақиналарын(квадраттары) балаларға берілген үлгі бойынша таңдап алу. Мұндай оқу іс -әрекетінде бірдей екі пирамида пайдаланылады: біреуі – тәжірибеде, екіншісі – балалар сақиналарды берілген үлгі бойынша таңдап алу үшін үстелге шашып тасталған. Сақиналарды үлгі бойынша таңдап алу балалар үшін біршама қиынырақ тапсырма болып табылады: соңдықтан бұл әдісті үйретуді заттардың балаларға көбірек таңыс қасиеті ретінде, үлкен -кішіні айыру жөнінен өткізілетін сабақтан бастаған дұрыс. Балалар үлгі сақинаны (квадратты) таңдап алған сақинамен беттестіру арқылы салыстырады да ең алғаш тәрбиешіге әкеліп береді. Кейін олар өздігінен құрастыратын болады. Мұндай сабақтардың варианттары мейлінше көп болуы мүмкін, үлгілер кішірие немесе үлкие беретін ретпен берекет түрде берілуі мүмкін, таңдап алу үшін сақиналарды бір үстелге немесе бөлменің әр жеріне шашып тастайды. Үлгі сақиналар бір түстілерінен, ал балаларға деген сақиналар басқа түстілерінен таңдап алады т.с.с.
Көрсетілген үлгіні сақтап қалу және есінде қалғаны бойынша үлкендігі сондай сақинаны таңдап алу керек болатын (бұл әдіс көз мөлшерін дамытуға көрсетеді) тапсырма біршама күрделірек болады. Көз мөлшерін дамыту мақсатымен халық арасында тараған дидиактикалық ойыншықты (кубиктер-қыстырмалар, матрюшка, қуыршақтар, табақшалар, жұмыртқалар, бөшкелер т.с.с.), сондай-ақ монтессори системасында ұсынылатын кейбір құралдарды (цилиндрлері бар білеушілер, геометриялық қыстырмалар, ұзын әрі енді баспалдақ т.б) пайдаланған дұрыс. Нәрсенің өлшемін оқып үйренгенде халық дидактикалық ойыншықтар кең түрде қолданылуы тиіс. Ол балаларды тек көп – аз (үлкен – кіші ) деген ұғымдармен ғана таныстырып қоймай, ұзындықтың басқада параметрлерімен танысуға мүмкіндік туғызады: жоғары -төмен, биік-аласа (матрюшкалар), жуан -жіңішке (бөшкелер), терең -тайыз (ыдыстар) т.с.с Матрешкаларды бірінің ішіне бірін салғанда балалар кеңістікті метрлермен таңысуға мүмкіндік туғызады матрюшкаларға таратып бергенде бір заттардың үлкендігін екінші заттардың үлкендігіне қарай сәйкестейді т.с.с. Н.Қ.Крупская халықтық ойыншықтарға үлкен мәң берген болатын. Бұл жөңінде ол былай деп жазды: - «Бала әлі үлкен -кішіні айыра біледі: оған үлкен кішіні түсінуге көмектесетің ойыншықтар беріп отыру керек.
Бұл кезде ең дұрысы -бірінің ішіне бірі салатын жұмыртқалар, әртүрлі қораптар, балаларға тамыз үлкендігі түрліше ойыншық аңдар немесе адам бейнелері сияқтылар. Балалар адам бейнелерің бойына, үлкен кішілігіне қарай ораналастыра алар еді». Н.К.Крупская сондай -ақ балаларға «...шамалары әртүрлі сызықтарды жан – жаққа қарай жүргізу және оларды өшіріп басқаларын сызу үшін оларда тақта мен түсті бордың болу керектігін айтқан. Одан кейін Н.Қ.Крупская балаларға әртүрлі ойыншықтар, қатаң, жұмсақ, қатты, ірі, ұсақ ойыншықтар беріп, оларды түйсік арқылы сезе білуін жетілдіру үшін»...қапшықтан қандайда бір затты алғанда оны ұстап – сипау арқылы айыра білуге, формасын ұстап -сипап айыра білуге үйрету. Осылайша, балалар заттың өлшемдерімен және формасынмен алғаш танысу негізінде балаларды ұзындықтың әртүрлі параметрлерің: ұзындығын, енің, биіктігін айырып тани білуге үнемі үйрете отыру мүмкін болады.
Сабақтарда балаларға шамаларды салыстыру әдістерін үйреткен жөн. Осы мақсатпен ұзындығы -ені немесе биіктігі жөңінен өзгеше материалдардан жиыны болуы қажет. Өлшемдері бір -біріне кереғар картон (не ағаш) жолақтарды, мысалы ені бірдей ұзын және қысқа жолақтарды немесе ұзындығы бірдей жалпақ және жіңішке жолақтарды т.с.с пайдалануға болады.
Тәрбиеші 1 жолақты беттестіріп не тұтастырып салып жолақтың ұзындығын немесе еңін салыстыру әдісін көрсетеді. Қандай да бір параметрді (ұзындығын немесе енін) бөліп көрсету үшін әр түсті жолақтар, мысалы, ұзын қызыл жолақпен қысқа сары жолақ алған дұрыс болады. Беттестіру әдісін кішкентайларға үйреткенде, олардың назары бір жолақтың екі ұшы(бұрышы) екіншінің екі ұшымен (бұрышымен) дәл ме дәл келуі тиіс болатындығына аудару керек: сонда ғана жолақтардың қайсысы ұзынырақ екендігі көрініп тұрады. Салыстырғанда: «Қызыл жолақ ұзынырақ, ал сары жолақ қысқарақ» деген сөзбен тианақтау керек.
Көрсетіп түсіндіргеннен кейін барлық балаларға әр түске боялған, ұзындықтары түрліше жолақтар үлестіріліп беріледі. Жолақтарды біріне -бірін беттестіріп салу салу арқылы кімнің қандай жолағы ұзынырақ, ал қайсысы қысқарақ екенің аңықтайды. Жолақтарды ұзындығын аңықтау үшін ғана салыстырып қоймай, салыстыру процесін, сондай -ақ жолақтары арасындағы қатынастарды сөзбен айта білуге балаларды үйретудің маңызы зор: «қызыл жолақ сары жолақтан ұзынырақ, ал сары жолақ қызыл жолақтан қысқарақ».
Сабақтың барысында балалар екі -үш рет әр түсті жолақтармен алмаса алады. Тәрбиеші балаларды жолақтардың үлкендігі түсіне байланысты болмайтындығы жөңіндегі тұжырымға келтіреді.
Балаларды бір жолақты екіншісіне тұтастыру әдісіне үйрету бойынша сабақ жоғардағыға ұқсас өткізіледі. Бұл жағдайда ұзындығы (немесе еңі) әртүрлі, түсі бірдей жолақтарды пайдаланған жөн. Тұтастыру әдісін үйреткенде жолақтарды екі жағы: ең қысқа жағы вертикаль түзеу сызық жасап біріне -бірі жалғасып келгендей, ал қысқа және ұзын жолақтардың ұзын жақтары дәлме -дәл келуі керектігіне балалардың назары аударылады.
Көрсетілген әдіс іс -әрекетпен және сөзбен (айтылу арқылы) пысықталуы тиіс.
Көрсетілген әдістерді колдана отырып, балаларға тәрбиеші екі жолақты ені жөнінен салыстыра білуге үйретеді (кең — тар), (енді — енсіз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет