І. Мектептің педагогикалық ұжымының әдістемелік қызметін талдау


) «Жедел жәрдем» жас мұғалімдер мектебі



бет7/23
Дата30.06.2020
өлшемі1,85 Mb.
#74712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
жоспар әдістеме 2018ж

12) «Жедел жәрдем» жас мұғалімдер мектебі

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асырылады. Жас мамандар үшін арнайы семинарлар өткізіліп, жұмыс жоспары жасалып бекітілген. Қыркүйек айында мектеп құжаттарын жүргізу жайлы нұсқаулықпен, қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстырылды және тәлімгерлердің міндеттері айтылды. Жоспарлы түрде жас мамандардың сабақ жоспарлары, өз білімін көтеру жұмыстары, сабаққа қатысып әдіс алмасу, сабақ талдау, оқушылармен тіл табыса білу мәселесі қаралды. Жас ұстаздарға тәлімгерлер тағайындалған. «Мектептегі жас мамандарға тәлімгерлік туралы ереже» жасалып бекітілген. Жас мамандарға тәжірибелі тарих пәнінің мұғалімі Абилова Құралай жетекшілік етеді. Қазан айында жас мамандармен «Оқушы білімін дұрыс бағалай білеміз бе?»  тақырыбында тренинг, «Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалауды үйрету» коучинг өткізілді. Желтоқсан айында «Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі» кәсіби бейімділікті жетілдіру жаттығулары өткізілді.

Сәуір айында «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында жас мамандар апталығы өткізіліп, бірінші кезекте тәлімгерлер жас мамандармен, дөңгелек үстел, кәсіби кеңес, тренинг өткізіп, ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар, дебат көрсетті, сабақта деңгейлік оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдері пайдаланылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Кулыбекова «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік» кәсіби кеңес, психолог Б.Айтбаева «Парыз» тренинг, бастауыш сынып мұғалімі Ш.Утебаева «Авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар», кітапханашы Р.Нартаева «Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар» презентация, ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Канапина «Сабақ үстіндегі тәртіп мәселесі», математика пәні мұғалімі Г.Еркинбекова «Оқушы үлгермеушілігін болдырмау жолдары» дөңгелек үстел өткізсе, биология пәні мұғалімі Г.Абдибекова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Сарсембетова дебат өткізді. Тарих пәні мұғалімі Қ.Абилова, дене тәрбиесі пәні мұғалімі Н.Дүйсембаев, бастауыш сынып мұғалімі Л.Серкебаева ашық сабақ үлгілерін көрсетті, музыка пәні мұғалімі А.Орынғазиева «Әуен таңдай біл» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Одан кейін жас мамандар ашық сабақ, беріп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Математика пәні мұғалімі Г.Қалқабаеваның ұйымдастыруымен өтілген «Жас келсе -іске» байқауына 12 жас маман қатысты. Жас мамандар 3 топқа «ЭКСПО», «Құлагер», «ЖастарKZ» бөлініп білім, өнер жарыстырды. Сайыс тартысты өтті. Жас мамандардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Байқаудың «Мектеп өмірінен» кезеңінде жас мамандар «Айтуға оңай», «Бармысың, бауырым», «Түнгі студияда» бағдарламаларының негізінде мектептегі қызықты жайттар, проблемаларды жарыққа шығарды. Байқау қорытындысында І орын – «ЭКСПО» тобы, ІІ орын- «Құлагер» тобы, ІІІ орын – «ЖастарKZ» иеленді. Жас мамандар түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып нәтиже де көрсетіп отыр. Атап айтсақ, математика пәні мұғалімі Е.Сиражиевтің қалалық «математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауында жүлделі ІІ орын иеленді.

13) Мектепте «Қазақстан Республикасындағы оқушылар ғылыми қоғамы жайлы ережеге» сай оқушылар ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Оқушылардың дарындылық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған іс-шаралар барысында бастауыш сыныптардан бастап пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауы, білім, өнер саласындағы әртүрлі жарыстар мен байқаулар ұйымдастырылып, оқушылардың дарындылығын шыңдау жұмысы жалғасуда және оған дәлел оқушылардың білім, өнер және спорт саласында жетістіктері.

«Дарын» ОҚҒ- ның жетекшісі Ғ.Ауэзованың ұйымдастыруымен өткен «Ғылыми жоба-2017» байқауының мектепішілік ІІ кезеңіне 8 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 9-11 сыныптар арасында өтетін қалалық ғылыми жоба байқауына 8 сынып оқушысы Қалибек Нұрбектің «Ақыртас құпиялары» жұмысы, «Зерде» байқауына 7а сынып оқушысы Аюбаев Елдардың «Қазақ халқының дәстүрінде математиканың қолданылуы» жұмысы, «Балғын зерттеуші» байқауына 3г сынып оқушысы Базарбек Арайлымның «Шұбат» тақырыбындағы, 2а сынып оқушысы Айдар Нұршаның «Кока-коланың зияны» атты жұмыстары ұсынылды.


Дарынды балалармен жұмыстың көрсеткіштері:

Халықаралық.... –2





Оқушының аты-жөні

сыныбы

Жетістігі

Пән мұғалімі




1

Айдар Дидар



Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер ән-би және өнер байқауы «Эстрадалық вокал» -І орын

А.Орынғазиева

2

Үсенбаева Дильназ



Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер ән-би және өнер байқауы «Сөз зергері»-ІІ орын

Б.Сарсембетова

Республикалық.....- 4





Оқушының аты-жөні

сыныбы

Жетістігі

Пән мұғалімі

Бас жүлде -2

1

Айдар Дидар



Республикалық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер ән-би және өнер байқауы «Эстрадалық вокал» -Бас жүлде

А.Орынғазиева

2

Үсенбаева Дильназ



Республикалық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер ән-би және өнер байқауы «Сөз зергері» -Бас жүлде

Б.Сарсембетова

3

Қосыбай Нұрай



Республикалық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер ән-би және өнер байқауы «Эстрадалық вокал» -ІІ орын

А.Орынғазиева

4

Амангельдинова Дина



Республикалық «Тамыры терең Таразым!» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауының «Сөз зергері» номинациясы бойынша ІІ орын

А.Абишева

Облыстық..... – 4





Оқушының аты-жөні

сыныбы

Жетістігі

Пән мұғалімі

ІІ орын -1

1

Қалтай Ақжан



Облыстық «Мен зерттеуге үйренемін» - ІІ орын

Серкебаева Л



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет