І. Негізгі бөлім 1 Нанның тарихы



бет5/6
Дата11.09.2024
өлшемі69,8 Kb.
#204086
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жобалау Нан

ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1 Сауалнама жүргізу.
Бірінші сұрақ: 
Жауаптары: сіз қандай нанды сатып алуды қалайсыз? 
Ұ сынылған жауаптары
1. “Каспий” наны
2. “Иволга” наны
3. Үйдің наны
50% - Каспий наны 
45% - Иволга наны 
5% - Үй наны 
Екінші сұрақ бойынша тұрғындары және ауыл адамдары арасында 100 респондент пен біз сауалнама өткіздік.
Екінші сұрақ: Сіз нанның сапасына қанағаттанасыз ба?
70% респондент қанағаттанамыз деп жауап берді. 
30% - жоқ, деп жауап берді.

ІІІ. Қорытынды
1. Санитарлы – гигиеналық нормалар бойынша, ақ бидай нанының ылғалдығы 49% болу керек. Ылғалдылықтың төмен болуы нанның тағамдық құндылығын, оның сіңімділігін, дәмдік сапасын және қорытылуын нашарлатады. Біздің зерттеуіміз бойынша Үй нанының ылғалдығы -37 % Иволга ЖК наны -28 %, каспий ЖК наны - 34,4 %, үй нанының ылғалдылығы нормаға сай. Ал Каспий ЖК наны және Иволга ЖК наны ылғалдығы нормадан төмен, сондықтан олар қатты үгіледі.
2. Нанның қышқылдығы оның құрамында сірке және сүт қышқылының болуының нәтижесінде. Қышқылдылықтың жоғарылауы асқазан секрециясының көбеюін тудырады. Нанның дәмдік сапасын нашарлатады. Ақ бидай наның қышқылдығы үш градустан аспауы керек. Біздің зерттеуіміз бойынша үй нанының қышқылдылығы 2,4 Иволга ЖК наны- 2,4, Каспий ЖК наны - 2,6 құрайды. Бұл нормаға жақын.
3. Санитарлы – гигиеналық нормалар бойынша ақ бидай нанының тығыздығы – 1,25 тең болуы керек. Нанның тығыздығының төмен болуы, оның сіңімділігін төмендетеді, өйткені ол асқорыту шырындарымен нашар сіңеді. Біздің зерттеуіміз бойынша Каспий ЖК наны - 1,02, Иволга ЖК наны - 1,13, үй наны -1,25 бұл нормаға жақын. Органолептикалық көрсеткіш бойынша – үй наны ең үздік нәтиже көрсетті. Олар үгіледі, ұзаққа дейін қатаймайды, ең жақсы дәмдік сапасы бар.
4. Сонымен, біздің зерттеуіміздің нәтижесі бойынша бірінші орынды үй нанына беруге болады, органолептикалық және физико – химиялық көрсеткіштер қасиеттері нормаға сай. Екінші орын Каспий ЖК наны мен Иволга ЖК нанына беруге болады. Нанының ылғалдығы төмен, сондықтан нан қатты үгіледі. 
Бізге біздің зерттеулердің нәтижесін, сапа сертификатымен салыстырдық. Сертификатқа сәйкес нанның ылғалдылығы 49, қышқылдығы -3, тығыздығы -1,25. Біздің нәтижеміз сертификат деректеріне жақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет