І. Негізгі бөлім Жоба технологиясының теориялық негіздері


Жоба технологиясының теориялық негіздері



бет3/31
Дата09.04.2022
өлшемі63,53 Kb.
#138634
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
дипдип (Автосохраненный)

1. Жоба технологиясының теориялық негіздері


    1. Шетел тілін оқытуда жобалау технологиясының шығу тарихының қысқаша шолу

Ең танымал және ұйымдасқан жұмыстың тиімді де нәтижелі формаларының бірі – жоба қызметі. Қазіргі заманда көптеген елдердің білім жүйесінде кеңінен таралған, сонымен қатар бізде де.
Жоба әдісі ХХ ғсырдың басында пайда болды, сол кезде педагогтар әрбір тәсілдерін, дәріс алушылардың белсенді өз бетімен ойлау қабілетінің даму жолдарын іздей бастады. Сонымен бірге оның тек қана білімді есте сақтау және қабылдау ғана емес, білімді іс-жүзінде қолдану мен іске асыру болды. (32)
Міне, сол үшін де американдық педагогтар Джон Дьюи, Килпатрик және тағы басқалары бір ортақ проблеманы шешуде белсенді бірлескен танымдық және шығармашылық әрекетке көңіл бөлді. Оның шешімі көп салалы білімді талап етті. Міне, сол үшін де бастапқыда бұл әдіс – проблемалы әдіс (мәселелі әдіс) болып аталды. Проблема, тәртіп бойынша прагмативті болды. Оның шешімі нақты нәтиже көруге жағдай жасады.
Атақты австриялық педагог Рудольф Штайнер практикалық есеп шешу кезінде алған білімдерін қолдануды балаларға үйрету қажетті деп есептеді: «Бала теория жүзінде қандай біоім алса, оны ол проблеманы (мәселені) шешу үшін пайдалану алуы міндетті. Ол міндетті түрде білу керек, қай жерде және қалай ол өзінің білімін практика жүзінде қолдана алады, қазір болмаса да, болашақта». (33)
Дидиактикада да проблемалы әдіске көп көңіл бөлінді (М.И. Махмутов, И.Я. Лрнер). Бірақта, проблемалы әдіс жоба әдісімен байланысты болмады. Ең бастысы, дидактикада жиі болатындай, ол технологиялық жағынан өңделмеді. Әдіс – бұл дидактикалық категория, тәсілдердің жиынтығы, нақты бір саладағы практикалық және теориялық білімді игеру операциясы, таным жолы, таным процесіндегі ұйымдастыру әдіс-тәсілдері. Сондықтан, егер біз жоба әдісі жөнінде айтсақ, яғни бұл дидактикалық мақсатты проблеманың нақты разработкасы (технологиясы, өңделуі) арқылы табысқа жету тәсілі. Разработка – толық нақтыланған, практикалық тұрғыда нәтижеге жеткен, бейнелермен көркемделген болу керек.
Дидактиктер мен педагогтар өздерінің дидактикалық есептерін шешу үшін бұл әдіске көңіл бөлді. Жоба әдісінің негізіне қосылған компоненттер: идея (ой туын), құраушы түсінік «жоба», оның нәтижеге деген прагматикалық бағыты, яғни бұл жерде кез келген практикалық немесе теориялық мәнді мәселені табуда шешім қабылдау. Бұл нәтижені көру үшін ойлауға және нақты практикалық әрекеттілікте қолдануға болады. Мұндай нәтижеге жету үшін ол үшін балаларды өз бетімен ойлануға үйрету қажет, мәселелерді табу мен шешу және бұл мақсатқа тарта отырып әр түрлі саладағы білімді табу, нәтижені пайымдау және әр түрлі шешімнің мүмкінді қорытындысы.
Жоба әдісінің мәнін терең түсіну үшін жоба әдісі жөнінде ой түсіру қажет.
В.А. Афанасьеваның ойынша «Жоба – педагогикалық тактикадағы субъектілердің шығармашылық қызметтерін көрсетуінің ерекше бір түрі. Сонымен қатар ол «педагогикалық практиканың теориясымен» тығыз байланысты: пайымдаумен, ұйымдастырумен, жоспарлаумен, модельдеумен, басқарумен. Бұл қызмет түрлерінің мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, әрекеттілікке бағытталған толыққанды жобаны нақтылап жасауға болады». (20)
И.Я. Зимняя мен Т.Е. Сахарова оны келесі түрде сипаттайды: «Жоба – бұл оқушылардың өз бетімен жоспарланатын және іске асырылатын жұмысы, онда тілдік қарым-қатынас басқа әрекеттегі интеллектуалды және эмоционалды контекстпен байланыстырылған (ойын, саяхат, интервью және тағы басқа)». (2)
Т.В. Душейнаның пікірінше: «Дәріс алушылардың өздеріне қолайлы жағдай бұл шығармашылық жағынан ойластырылған формадағы жеке идеяларын білдіру мүмкіндігі: коллаждарды дайындау, афиша мен хабарландыру, интервью жүргізу, зерттеу жүргізу, дәйекті көркемдеулермен, қажетті түсініктемелермен үлгілер көрсету, жоспар жасау». (31)
Психология оқытуының дәлелдеуінше, біз не оқысақта оның 10%-ын еске сақтаймыз, не естісекте оның 20%-ын, не көрсекте оның 30%-ын, не көріп естісекте 50%-ын, не айтсақта 70%-ын еске сақтаймыз және 90%-ын біз өзіміз өндіреміз және орындаймыз.(34)
Міне осылайша педагогтар жоба әдісін қалайды, өйткені ол бір мәселені шешу кезінде дәріс алушылардың әр түрлі саладағы білімдерін ұйымдастырылған түрде жинақтауға мүмкіншілік береді. Яғни алған білімдерін практикада іс-жүзінде қолдануға, сонымен қатар жаңа идеяларды іске асыруға мүмкіншілік береді.
Е.С.Полаттың ойынша, шетел тілін оқытудың негізгі идеясы – дәріс алушылардың әр түрлі жаттығу түрлерінде дыбыс ерекшелігін белсенді ойлау әрекетіне ауыстыру, өйткені ол нақты тілдік амал-тәсілдерді талап етеді. Тек қана жоба әдісі мұндай дидактикалық есепті шеше алады және әрине шетел тілі сабақтарын пікірталас жүретін және зерттеушілік клубқа айналдыру. Өйткені оның ішінде шынымен де есепке алынған мемлекеттің мәдени ерекшелігі және мүмкіншілігіне мәдениетаралық әрекеттестік негізінде мәселелері – қызықты, практикалық жағынан мағыналы және қолайлы шешіледі.(15)
Соңғы уақытта пайда болған Дьюи Джон «Жоба технологиясына» мынадай анықтамалар береді:

  • толық соңғы нәтижесі шыққанға дейінгі іс-әрекетті модельдеу;

  • сезімнің ең қиын актісінің жүзеге асырылуы;

  • деректен болашаққа нақты мүмкіндіктерге қадам.(18)

Е.С.Полат технологияның анықтамасына сүйене отырып, жоба технологиясын былай қарастырады: «Проектная технология, как совокупность поисковых, проблемных методов, творческий по самой своей сути, предствляющих с собой дидактическое средство активизации позновательной деятельности, развитие креативности и качеств в процессе создания конкретного продукта».(15)
«Жоба технологиясы»- алынған білімнің интеграциясына бағытталған емес, дәріс алушылардың өз бетінше алған жаңа білімдерін қолдану қызметі.(22)
Жоба – бұл оқушылардың өз ойларын өздеріне ыңғайлы уақытта шығармашылық түрде ұйымдастырылған, ойластырылған түрде жеткізуі болып табылады, яғни коллажда дайындау, афишалар мен жарнамалар, сұхбат жүргізу, зерттеулер, қажетті ақпараттар мен модельдер көрсету, түрлі жерлерге бару, жоспарлар құру, карталар жасау, сызу, тағы басқа жұмыстар атқару деген сөз. Жоба барысында жауапкершілік жеке тұлға және жобаға қатысушы топтың мүшесі ретінде оқушыларға жүктеледі. Ең бастысы – жобаның құрылысы қандай болатынын және оны көрсету қандай түрде өтетінін мұғалім емес, оқушылар шешеді.(20)
«Жоба» деген сөздің өзі Еуропа тілдеріне латын тілдерінен еніп, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші» деген ой, яғни біздің жағдайымызда ортаға оқушы – оқытушы болып тақырып тасталады. Содан соң оқушылар өз ойларын алға шығып айтады. (20)






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет