3.Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығының (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы) қалыптасқан өңірлерін картаға көрсетіңіз. Қазақстанда кең-байтақ жерінде шаруашылықтың негізі үш түрі болды. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық жер шаруашылық, ал оңтүстік-шығыста Жетісуда жартылай отырықшы мал шаруашылығы дамыған.Ал Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы жанданады.Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Қаратаудың күнгейлі беткейлерінде мал қыстайтын тұрақты қыстаулар бой көтерген.Көшпелі мал шаруашылығы Шығыс Дешті Қыпшақтың (Орталық және Солтүстік Қазақстан) және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп-ұону бағытарына байланысты қалыптасты.
салыстырыңыз.
Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы: Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
1598-1628 жылы Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп,ал Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз хан жариялады.Есім хан өзінің хандық билігінің Бұхар хандығымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Ал Бұхар хандығы қазақ хандығының бытыраңқылығын пайдаланып,бұрынғы бітім шартты бұзып, қазақ жеріне жорықтар ұйымдастыра бастайды.Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде шайқас болып, Бұхар хандығы жеңіліс табады.1611 жылы Бұхар хандығымен келісімге келеді. Ал Тұрсын хан мен Есім ханның арасында шиеленіс басталады. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны » атанды. Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатады.Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған.Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуге ұтымды пайдалана білді.
«Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған.Қоныс- тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шарлардың шешімдері осы кезде сараланды.Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.