І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


«Алаш» және «Түркістан» автономияларының саяси бағыттарының айырмашылықтары



бет30/57
Дата03.06.2022
өлшемі1,06 Mb.
#145856
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Байланысты:
І Н с а 30 билет

2.«Алаш» және «Түркістан» автономияларының саяси бағыттарының айырмашылықтары.
Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казак әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті. Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.
Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа ШоқайМахмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет