1.Батыс Түрік қағанаты (саяси тарихы, этникалық құрамы, мәдениеті )
Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала бастады. Батыс қағандық оңтүстік – шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік – батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік – шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік – батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.
Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйытқысы «он тайпа» он – оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайына Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті.
603-610 жж – Тардуш басқарды
610-618жж – Шегу биледі
618-630жж – Тон қаған билік құрды
627ж – Византияға көмек үшін қол аттандырды
630ж – қағанатта билік үшін талас басталды
634ж – нушебилер қолдауымен Ешбар Елтеріс басқарды
640-657жж – қағанат әлсіреді
659ж – Қытай мемлекеті Жетісуға басып кірді
VIIғ аяғы- VIIIғ. басы – түргеш тайпасы қағаны Үшлік
Таң империясымен соғыста беделге ие болды
704ж – Батыс Түрік қағанаты құлады
Шаруашылығы:
Маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы .Испиджаб, Алмалық, Тараз, Талхир т.б. Қалалар дамыды. Қолөнер өркендеді, сауда дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |