Территориясы-Алтай мен Ертістен басталып, батысында Днестрге дейінгі кең-байтақ аймақтарын алып жатыр.Этникалық құрамы екі бөліктен тұрған. 1-ші қыпшақтардың батыс бірлестігі, бұлар он бір тайпадан тұрады. Елбөрі, тоқсоба, йетиоба, дурут тағы басқалар. Екіншісі- қыпшақтардың шығыс бірлестігі,бұлардың тайпалық құрамы он алты тайпадан тұрған.Олардың 8-і негізгі тайпалар, ал 8-і ұсақ тайпалар.Ең беделдісі бөрілер.Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген.Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі таптық құрылыс болды. Ақсүйектер-шонжарларға хандар, оның туған-туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар және ру –тайпалар жатты. Құлды «яланкуг» деп атады. Қыпшақтар оғыздарды жеңіп, Донға дейін келді. Орыс деректерінде оларды «половшылар» дейді. Венгрлер «кундар» немесе «командар» дейді.