И переподготовки кадров


Сабақтың әдістемелік мақсаты



бет25/35
Дата07.02.2022
өлшемі166,13 Kb.
#93248
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Бағалау курс

Сабақтың әдістемелік мақсаты: Заман талабына сәйкестендіріп тұлғаға бағытталған ақпараттық оқыту технологиясын пайдалану.
Сабақтың түрі: Бекіту
Сабақтың типі: Аралас
Оқыту әдісі: АКТ, СТО, кубизм, диологтік оқыту, талдау, дәлелдеу, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тіршіліктану.
Көрнекілік: Суреттер, тақырыпқа байланысты слайд, қосымша деректер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын, қызығушылығын, зейінін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы.
- Қасқырларға байланысты айтылған аңыздар тауып келу, «Көксерек» фильміндегі актерлер туралы дерек жинау.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. М.Әуезов мұражайына саяхат.
Бүгінгі сабағымызды Алматы қаласындағы Абай даңғылының бойында орналасқан М.Әуезов атындағы мұражайынан бастайық. (слайд)
Мұражайға кіру үшін М. Әуезов туралы жатқа, мәнерлеп өлең оқу.
(М. Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?» С. Мәуленов «Мұхтар асуы»)
ІҮ. Жаңа сабақ. Тіршілік үшін, оның тыныштығы үшін әлем әдебиетінің ең көрнекті өкілдері қалам тартқан. Олар кімдер, шығарма атауы? Дұрыс жауапты таңда.
А Б
Ш. Айтматов «Жан пида» романы. Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»
Джек Лондон «Ақ азу» повесі. Джек Лондон «Мексика ұлы»
О. Сүлейменов «Бөлтіріктер» өлеңі. О. Сүлейменов «Махамбетке»
Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ табиғат назардан тыс қалған емес.
«Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі.»

  • Қалай түсінесіздер? Табиғат дегеніміз не? Топтастыру.

  • Ал табиғатқа шабуыл жасап, тыныштығын бұзуға қалай қарайсыздар?

  • Балалар, біз М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, талдағанбыз. Сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқайық.

- Қазір «Көксерек» фильмінен үзіндіні көріп, соны оқулықтан тауып оқимыз. (Экраннан «Көксерек» киносынан үзінді көрсетіледі, оқушылар мәтінді тауып оқиды)
- Балалар, өздерің көріп тұрғандай суреттегі бала кім, ол туралы не білесіңдер?
- Суреттегі бала «Көксеректегі» Құрмаш ролінде ойнаған -Қамбар Уалиев.
Әңгіме кейіпкерінің пікірін тыңдайық.
Тыңдалым:
Қамбар Уәлиев 1963 жылдың 7 қарашасы күні Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының жанындағы Көкқайнар деген ауылда дүниеге келген.
Ол былай дейді: «Маған алғаш Мұхтар Әуезовтің «Көксерегін» әкем оқып берген. «Бөлтірік көзін ауылға келген соң екі күннен кейін ашты. Кішкене Құрмаш оған Көксерек деп ат қойды. Ертелі-кеш айналасынан шықпайды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Түн баласына Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында, не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады...» деп суреттелген жерлері менің есімде.
Кейде сценарий бойынша жыламақ болып, шын жылаған кездерім болды. Ата-анамды, ауылымды бір жыл бойы көргем жоқ. Оларды сағынам. Кейде күні бойғы артыс-тартыстан қалжырап, әбден діңкелеймін де, қас қарая тіпті үстімдегі «Құрмаштың» киімдерін шешуге мұршам келмей, ұйқыға кетем. Кейде ұйқымыздан оятып алып, түсіретін. Сенесіз бе, кей күндері шырт ұйқымнан оянып кетіп, жан-жағыма қарап: «Мен осы шынымен Құрмашпын-ау деймін?» Кейін кино біткен соң, онша көргім келмеді. Бәрі еске түседі ғой. Сенсеңіз, осы фильмді мен 1996 жылы Мұхтар Әуезовтің 90 жылдығында алғаш рет көрдім.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет