Зерттеу міндеттері:
орта мектепте биологияны оқыту үрдісінде халықтық педагогиканы, әдеби материалдарды және оқу ойындарын қолданып, білім мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру;
оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық педагогиканы пайдаланудың әдістемесін жасау;
биология сабақтарында қолданылатын халықтық педагогика нұсқасының мазмұнын ұсыну.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және жас ерекшеліктері физиологиясы мен әдістемелік әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау жасау; озық педагогикалық іс-тәжірибелер мен танысу, оларды жинақтап қорыту, педагогикалық сабақтарға қатысу арқылы бақылау; биология пәнінің оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды талдау; оқушылармен әңгімелесу, байқау, сауалнама, тест жүргізу, педагогтік тәжірибе, эксперимент жүргізу; оқушылардың білімдері мен іскерліктерін, шығармашылық қабілеттерінің деңгейін тексеру, олардың қорытындыларын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |