Құралдарсыз орындалатын жаттығулар
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында бастапқы тұру қалпы маңызды міндетті атқарады. Бастапқы қалып жаттығудың жеңілденуіне және күрделенуіне әсерін тигізеді. Бастапқы қалып жаттығулардың нақты, дұрыс орындалуын талап етеді.
Негізгі бастапқы қалыптар:
Аяққа арналған бастапқы қалыптар.
Негізгі тұрыс.2. тік тұру- аяқ алшақ (аяқ сол алшақ, иық деңгейінде, иық деңгейінен алшақ) 3.Тік тұру аяқ алшақ, оң немесе сол аяқ алда. 4. Тік тұру.5. тік тұру аяқ бірге. 6. Тік тұру оң аяқ алда, сол аяқ артта ( 10- сурет)
10-сурет
Қолға арналға бастапқы қалыптар:
Қол белде (11-сурет)
Қол иықта(12-сурет)
Қол кеудеде(13-сурет)
11, 12, 13, 14, 15, 16 –суреттер
Қол арқада(14-сурет)
5. Қол желкеде (15-сурет)
6. Қол баста (16-сурет)
17, 18, 19, 20 - суреттер
7. Қол алда (17-сурет)
8. Қол жоғарыда (18-сурет)
9. Қол жанда (19-сурет)
10. Қол артта (20-сурет)
Сонымен қатар жартылай отыру, толық отыру барысында әр түрлі бастапқы қалыптарды қолдануға болады. Мысалы: тізені бірге ұстау немесе алқаш ұстау қалпы, аяқтың ұшымен тұру немесе толық отыру (21-22сурет) қолды тіреп отыру (23-сурет); бір тіземен немесе екі тіземен тұру (24-сурет).
21, 22, 23, 24- суреттер
Қолды тік ұстау арқылы қимылдарды үйретуекі қолымен кезек-кезек қимыл жасау арқылы жүргізіледі. Бұл жерде жаттығудың дұрыс орындалуын талап ету қажет. Мысалы, «оң қол алға» қалпын ұстайтын болса онда оң қол белдеуі деңгейінде, алақан ішке қарай саусақтарды тік ұстау қажет, т.с.с.
Жоғарыда аталған қимылдар түрлерін үйренгенен кейінжаттығулар күрделене бастайды. Оң қол алға, сол қол жанға, оң қол желкеде, сол қол алда (25- сурет) қимылдары.
Қолдары бүгу және созу негізгі бастапқы қалыпқа тұру арқылы орындалуы қажет. Мысалы, «Қол кеудеде», «Қол төменде», «Қол жанында», «Қол алда» қалпында қимылдарын жасауға болады.
Қолды айналдыру қимылдарын, қолды екі жаққа, алда, алға, артқа айналдыру арқылы жасауға болады.
Қолды айналдыру қимылдарын, қолды екі жаққа, алда, алға, артқа айналдыру арқылы жасауға болады. Қимылды бір қолмен немесе екі қолмен бір уақытта орындауға болады.
Иықты көтеру және түсіру қимылдарын қолды еркін ұстап, бірте бірте бастапқы тұру қалпын (қол белде, қол иық белдеуде, қол артта) ұстап жаттығуларды білектерді бүгу, жазу, айналдыру қимылдары арқылы орындалады. Саусаққа қимылдар бүгу арқылы орындалады. Бұл әдіс жеңіл келеді, ал саусақтарды жазу арқылы орындау күрделілеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: |