Бір аяқпен қатарынан екі адымдап жүру
Бұл жүру әдісі негізінен жатық төбелерден түскенде пайдаланылады. Мұнда үнемі бір аяқ сырғанып, екінші аяқпен қатарынан жасап жүреді. Қатарынан екі адымдап жүру кезінде мынадай қимылдар орындалады:
Қозғалу алдындағы бастапқы қалып;
Бастапқы қалыптан тізені бүгіңкіреп, бір аяқты тез ілгері қозғап сырғанау (бұл кезде таяқты ұстаған екі қол алға созылады);
Екі аяқтың қалпын өзгерту;
Сол аяқты алдыға аттағанда оң қолды соған ілесе қозғау;
Таяқпен итерер мезетте адым жасайтын аяқ жерден серпілетін аяқпен қатарласады, бұдан әрі таяқпен итеріп, екі аяқпен бірдей сырғанап кете беруге болады.
Сырғанау кезінде мынадай қимыл-әрекеттердің орындалуын есте сақтау керек:
Екі аяқпен бірдей сырғанап келе жатқанда таяққа күш сала итеріп отыру;
Бір шаңғымен сырғанауға дағдылану;
Таяқпен итергенде аяққа көбірек күш түсіру.
Бұл қимыл-әрекеттерді тез меңгеру үшін алдымен мынадай дайындық жаттығуларын үйрену керек:
Жатықтау төбенің үстінде тізені бүгіңкіреп тұрып, еңіске қарай тек екі таяқпен сырғанау;
Бір аяқпен итеріп, екінші аяқпен сырғанау.
IV ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |