I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет64/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Сабақтың құрылысы

Дене шынықтыру сабағының негізгі мәселесінің бірі- сабақта шынықтыру құрылысының дұрыс болуы. Күнтүзбек жоспардың дұрыс құрылуы күнделікті жоспардың дұрыс құрылуына негіз болады. Сабақтың құрылысы мұғалімге жаттығуларды дұрыс таңдауға, өтілетін материалды түсіндіруге, денеге түсетін салмақты анықтауға көмектеседі.

Сабақтың құрылысы өтетін материал мен сабақтың мақсатына байланысты құрылады. Мақсат орындалу үшін ең алдымен дұрыс таңдалынып алынған материал керек. Соған қарай жаттығуды орындау әдіс – тәсілі анықталады, таңдалады. Дене тәрбиесі сабағының мақсатының орындалуы сабаққа қатусушылардың дене даярлығына байланысты. Ол үшін бала сабаққа психикалық даярлықпен келу керек.

Әдетте оқушылардың көтеріңкі көңіл – күй қалпы бірден тыныштық қалыпқа өткізуге рұқсат етілмейді. Сондықтан сабақ құрылысын қарағанда біртіндеп тыныштық қалпына келіп, одан кейін сабақты ұйымшыл түрде бітіретіндей етіп құру қажет. Осы себептен әрбір сабақ жоспары негізгі үш бөлімнен құрылады.

Бірінші бөлім – ұйымдастыру кезеңі, оқушыларға күрделі жаттығуларды орындату, дайындау, шартты түрде « кіріспе бөлім» деп аталады.

Екінші бөлім – сабақтың негізгі жаттығуларын орындауға бағытталған, шартты түрде « негізгі бөлім» деп аталады.

Үшінші бөлім – бұл кезде сабақ ұйымдасқан түрде аяқталады. Шартты түлде « қорытынды бөлім» деп аталады.

Сабақты бөлімдерге бөлу салыстырмалы түрде болады. Әрбір бөлім жаттығулары бір – бірімен тығыз байланыста орындалуы керек. Сабақтың мазмұны мен орындалатын жаттығулар бір – бірімен тығыз қарым – қатнаста болуы шарт.

Бастауыш сыныптар үшін типтік сабақ жоспары құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет