I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет79/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Сабақ өткізілетін жағдай

Дене шынықтыру сабағының ұйымдастырылуы мен өтуі оның өтілетін жағдайына байланысты. Ашық алаңда өтетін сабақ, жабық жағдайда өткен сабақтан, қысты күні ашық алаңда өткен сабақ жаздыкүнгі сабақтан әлдеқайда ерекше.

Талаптардың орындалуы, сабақ өтілетін орын, дене жаттығулары, керекті құрал – жабдықтар сабақтың толымдылығына әсер етеді.

Ашық алаңда сабақ өткізу үшін мұғалім сыныптан сабақ өткізілетін алаңға қалай бару керек екенін және қандай спорт киімін киюі керек екенін алдын ала ойластырады.

Ашық алаңда сабақ әсіресе салқын күндері жоғары жылдамдық екпінде өтуге жіне сабақтың басында, “дене қыздыру” жаттығулары жасалады.

Ашық алаңда, егер алаң өте кең болса, жабық жағдайдағы өте алмайтын ойындар мен жаттығулар жасалады (алысқа лақтыру, жылдамдықпен жүгіру, жүгіру – жарыс ойындары, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, т.б.).

Ашық алаңдағы сабақ кезінде мұғалім дене шынықтыруға қажетті барлық құрал – жабдықтарды толық пайдалана аомайды.

Қысқы уақытта ашық алаңда сабақ өткізу мұғалімге көптеген қиындықтар әкеледі. Балалардың жылы киінуі емін – еркін қозғалуға бөгет келтірмеуі керек. Алаң қардан тазартылуы, алаңның кей бөліктеріне құм немесе ағаш қоқымы төселуі керек.

Қысқы уақытта ашық алаңдағы дене шынықтыру сабағы өзінің құрылысы жағынан да өзгеше болады. Сабақ жылдам жүру, не жүгіру ойындарымен басталады. Негізінен бұрыннан таныс жаттығулар орындалады, ал жаңа жаттығулардан тек ұзақ түсіндіруді қажет етпейтіндерін ғана таңдап алады. Және бүкіл сынып оқушыларын түгел қамтитін жаттығулар мен ойындар алынады.

Жабық жайда өтілетін сабақтың да өздік ерекшеліктері бар. Жақсы жабдықталған және құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген зал, сабақта бағдарламаның толық орындалуына, сабақтың толымды болуына негіз болады.

Алайда бағдарламаны түгел тек жабық жайда өткізу мүмкән емес ( мысалы: шаңғы спорт, т.б.).

Жоспарланған ашық алаңдағы сабақ пен жабық жайдағы сабақтарды үйлестіріп отыру қажет.

Басқа жайларда да сабақ өтілуі мүмкін. Мысалы: сынып бөлмесінде, дәлізде, т.б. Мұндай сабақтар толымды сабақ бола алмайды, оқу бағдарламасындағы барлық материалды қамтуға мүмкіндік болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет