I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Дене жаттығуларына өз еркімен дайындалуға арналған сабақтарды ұйымдастыру жолдары



бет86/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Дене жаттығуларына өз еркімен дайындалуға арналған сабақтарды ұйымдастыру жолдары.

Оқушыларды жүйелі түрде сабақ беру арқылы дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі – өз рекімен дайындалу. Осыған байланысты оқу бағдарламасыбойынша дене шынықтырудан үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу қажет.

Оқушылардың өз еркімен дайындалуға арналған сабақтарды күнделікті өміріне қажеттендіру, қимыл – қозғалысты орындай білуді теориялық біліммен қатар, қимыл – қозғалысты орындай білу, іскерлік дағдыларын арттыру үшін тәжірибелік кеңенс беріп отыру қажет.

Осы бағыттағы жұмысты жеңілдету үшін, мұғалім теориялық мағлұматтардың мазмұнын аша отырып,оқушылардың үй жағдайында жекелей жаттығуларды білім негізіне енгізе отырып, ұсынылған оқушының өз бетімен сабақ ұйымдастыру кезінде қолданған дұрыс. Мысалы, ̋ Бастауыш мектеп сынып оқушыларына арналған дене жаттығуларының ерекшелңктері ̏ тақырыбы бойынша теориялық нұсқау жасағанда, осы тақырып негізінде қысқаша әңгімелер құруға болады (кіріспе сабақта) сонымен қатар демалыс кезінде беріледі. Оқушыларға жеке кеңес, нұсқау беруді сабақ барысында, кезекті үй жұмысын түсіндіру немесе оның қорытындысын шығару кезінде берген дұрыс.

Сондықтан төмендегі ұсынылып отырған жаттығулар оқушының өз еркімен дайындалуға арналған жаттығулары деп атауға болады.

Оқу бағдарламасына сай әр сыныптағы күн тәртібі туралы мағлұмат беру үшін төмендегі жағдайлардың маңызы білген өте пайдалы.

Күн тәртібін тиімді пайдаланған жағдайда баланың ақыл ойы мен дене құрылысының дамуына, сондай – ақ денсаулығын сақтауға көмектеседі. Ал, күн тәртібінің бұзылуы және оның болмауы баланың жұмыс істеу қабілетіне, денсаулығына , әсіресі жүйке қызметінің құрылысына кері әсерін тигізеді. Адам ағзасытқызметінің тәртіпке байланыстылығы тәртіптің әсерінен пайда болған шартты рефлексті дайындайды, ағзаны әр түрлі қызметтерге қалыптастырады. Реттелген тәртіп физиологиялық жүйелерге ғана шартты рефлекстер тудырып қоймай, ойлау мүшелеріне де әсерін тигізеді. Сондықтан да, үй тапсырмасын әр уақытта орындайтын балалар тез шаршағыш, жұмысқа ынтасы жоқғ өз ісіне дұрыс бағыт бере алмайды. Керісінше, үй тапсырмасын бір уақытта дайындайтын балалар, ой қызметіне тез кірісіп, тапсырманы кедергісіз, тез орындайды және көп шаршамайды. Күн тәртібін бұзбау міндетті түрдегі сабақ түрлерінің ауысу жиілігі шаршауды болдырмайды. Бірақ барлық жақты бірдей қамтитын, кез келген жағдайда қолданылатын күн тәртібі болуы мүмкін емес.тәртіп бұл ретті жүйелі түрде алмасып отаыратын сабақ, демелыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану болып табылады. Оның себебі әр оқушыны мектепте, мектептен тыс уақытта өзіне тән күн тәртібін ұйымдастыруына байланысты. Сонымен қатар әр баланың жеке психиологиялық және дене даму ерекшеліктері болуы мүмкін. Сондықтан әр оқушы уақытты тиімді пайдалануы үшін өзіне тән белгіленген күн тәртібінің міндеті түрде орындалуын қадағалауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет