I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


VIII ТАРАУ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНЕН МЕКТЕПТЕН ТЫС



бет94/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

VIII ТАРАУ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНЕН МЕКТЕПТЕН ТЫС

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылар сарайында, балалар спорт мектептерінде, демалыс орындарында, саяжайларында, ерікті спорт бірлестіктерінде өткізіледі.

Белгіленген уақыт бойынша оқушылар сарайында әр түрлі жаттығулар өткізіледі, жыл мезгілдеріне байланысты әр түрлі қызықты іс – шаралар, сонымен қатар мектепте ұйымдастыруға мүмкіндігі келмейтін спорттың түрлері (тенис, конькимен сырғанау, жүзу, көркем гимнастика, т.б.) ұйымдастырылады. Сондай – ақ, олар дене тәрбиесі жөнінен көрсеткіштік іс – шаралар, мерекелер, спорт шеберлерімен кездесулер өткізеді. Бұл жұмысқа жетекшілікті кәсіби мамандар жүргізеді.

Оқушылар сарайындаға маңызды жұмыс түрлерінің бірі – мектептен тыс мекемелерде әдістемелік көмек көрсетуге жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Бұл жұмыс түрлеріне кеңес беру, дәріс түрлері, семинар сабақтары жатады.

Оқушылар сарайының бір міндеті – халыққа білім беру басқармасымен бірге отырып, бұқаралық – спорттық іс – шаралар өткізу.

Дене тәрбиесі жөнінен маңызды жұмыстарды өткізуде спорттық мектептердің орны ерекше. Спорттық мектептердің негізгі міндеті – мектеп оқушыларының спорттық шеберлігін көтеру болып табылады. Спорттық мектептерді ерекшелігі – жас спортшылапдың орта мектептегі оқу бағдарламасын нәтижелі аяқтап, сабақпен спортты ұштастырып, жоғары үлгерім нәтижесіне жету.

Балалардың спорт мектептері мерекелерде, ертеңгіліетерде, оқушылар жиналысында өз өнерлері және дене тәрбиесі жайлы іс – шаралар өткізіледі.

Балалар спорт мектебі мектептен тыс мекеме ретінде жалпы орта мектептермен тығыз байланыста болуы керек.

Бастауыш сынып оқушыларымен демалыс орындарында дене тәрбиесі жөнінен жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды орын алады. Демалыс орындарында спорт алаңдарында жеке балалармен және ұжыммен ойындар өткізу оқушылардың көңіл – күйін көтереді, денсаулығын нығайтады.

Демалыс орындарында ойындар, би жаттығуларын өткізу өте тиімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет