I-тарау. Механика бөлімінің педагогика-психологиялық негіздері. 1 Механика-физиканың іргетасы


Физика сабақтарында диапроекторды пайдалану



бет22/26
Дата05.10.2022
өлшемі1,25 Mb.
#151816
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Дип.-Мектеп-оқушылары-механикалық-білімді-7-сынып

2.10. Физика сабақтарында диапроекторды пайдалану.
Физика сабақтарында түрлі суреттерді, схемаларды, қорытындыларды, формулаларды, анықтамаларды экранға проекциялап оқушылардың оқу материалын көзбен көру арқылы есте сақтауын қамтамасыз ету үшін диапроекторларды пайдалану қолайлы. Онда оқу материалы ықшам түрде баяндалады да, ол оқушылардың тақырыпты игеруіне, басты мәселеге назар аударуына мүмкіндік береді.
Слайдыларды жасағанда оқу материалы жеке мазмұндық элементтерге бөлінеді, олардың көлемі жас мөлшеріндегі оқушылардың қабылдауына қолайлы болады. Слайдылардың негізгі бөлігі қара түспен жазылады да, оқу материалының маңызды мәселелері түрлі-түсті жазумен бөлектеп көрсетіледі.
Диапроекторларды тиімді қолданудың кейбір мысалдарын келтірейік:
1. Күрделі суреттің көп еңбектенуді қажет ететін бөлігі сабақтан бұрын жасалады да, түсіндіру барысында мұғалім суреттің жетіспейтін бөліктерін қажетті сызықтармен, штрихтармен толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің беті оқушыларға қарап отыруы қолайлылық тудырады.
2. Күрделі суреттер мен сызбаларды жеке пленкаларға бөлек-бөлек салып, түсіндіру кезінде біртіндеп жалғастырып отырып, бүтін сызбаны шығару әдістемелік тұрғыдан қызықты.
3. Диапроекторларды пайдаланып оқу процесінде тірек конспектілерін жасап көрсету тиімді. Онда тақырып бойынша білімнің негізгі элементтері суреттер, сызбалар, гафиктер, белгілеулер, терминдер, формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, сандық мәндері, ғалымдардың аты-жөні, физикалық құбылыстың техникада пайдалану мысалдары, қысқаша қорытындылар, т.б. көрсетіледі. Сонымен графикалық тірек-конспектісінде щқытылатын тақырыптың негізгі мазмұны қысқаша, көрнекі түрде жинақталады. Мұндай конспектілер аз уақыттың ішінде тақырыпты түсіндіріп, қорытындылауға, негізгі материалды қайталауға, негізгі тірек элементтерін «көруге», олардың арасындағы логикалық байланысты сезуге, оқушыларды қысқаша конспект жасауға үйретеді. Осының бәрі оқушылардың білім сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайды.
4. Оқу материалын ірі блоктарға бөліп оқытуда қорытындылау кестелерін слайдыға түсіріп пайдалануға болады. Мұнда тақырыпқа немесе тарауға құрылымдық-логикалық талдау жасалады: білімнің негізгі элементтері бөліп көрсетіледі, бұл тірек конспектілеріндегіден ірілеу қалыпта жасалады (неізгі ұғымдар, заңдылықтар, теориялар, эксперименттер, физикалық құбылыстардың техникада қолданылу мысалдары): олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстар тағайындалады. Одан кейін білім элементтері негізгі сипаттарына қарай класқа бөлінеді, графикалық және символикалық түрде анықталады және кестеге түсіріледі. Осындай кестелерді пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін трафареттер дайындалып, слайдының белгілі бір бөліктерін штрихтау немесе әртүрлі түске бояу қолданылады. Бұл әрекет суреттің немесе сызбаның жеке бөліктерін айқындап көрсетуге, оларды көрнекті етеді және есте жеңіл сақтауға мүмкіндік береді.
5. Диапроекторларды оқушылардың өздік жұмысы және олардың білім тексеру кезінде пайдалану қолайлы. Мәселен, алғашқы үш-бес кадрда сурет-есептер, келесі кадрларда - есептің шығарылуы мен оны түсіндіруші суреттер беріледі. Есептер экранға проекцияланады да, оқушылар оны өз бетінше шығарады. Тапсырма орындалып болғаннан кейін дұрыс жауабы жазылған кадрлар көрсетіледі, оқушылар дереу өзінің жауабының дұрыстығын тексереді. Қажетті жағдайда, шығару жолын сынып болып талдайды. Графиктер салу үшін алдын-ала слайдыға тор сызып дайындау керек. Өлшеулер жүргізу немесе сызықтар жасау үшін мөлдір үшбұрыштар, сызғыштар, транспортирлер қолданылады. Тапсырма үшін аяқталмаған суреттердң қолданған жөн. Онда графиктің негізгі бөлігі, бірақ физикалық тұрғыдан маңызды емес бөлігі орындалады да, оны сызып толықтыру оқушыға жүктеледі. Оны оқушы тақтада орындайды. Егер слайдыда прибордың бастапқы қалыптағы суреті берілсе, оқушы оның соңғы қалпын сызып көрсетуі керек. Диапроекторды осылай тиімді пайдалану мұғалім жұмысын жеңілдетеді және ең бастысы, оқушылардың тақырыпты оңай түсініп игеруіне мүмкіндік жасайды.

Мультимедиялық кабинетте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет