Қорытынды
Қазіргі таңдағы еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндет-өзіндік айтар ой-пікірі бар, жеке өмір сүруге дайын, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Баланың ойлау қабілетін дамыту, олардың өздігінен білім алу ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқу-тәрбиедегі прогрессивтік қадамның бірі- педагогикалық және тәрбие технологияларын тиімді пайдалану болып табылады.
Педагогикалық технология ғылыми білім жүйесі ретінде тәрбие процесін оңтайландыру және қамтамасыз ету қажет. Тәрбие-бұл педагогтың ерік-жігері мен қалауына қарамастан қоғамда жасалатын объективті процесс. Жеке тұлғаның дамуы бір минутқа да тоқтамайды.
Педагогтің міндеті - тәрбие процесін оқушының адами мәдениетке шығуы жағына бағыттау, көптеген мыңжылдықтарда адамзат шығарған тәжірибе мен мәдениетті өз бетімен меңгеруге ықпал ету. Егер тәрбие-мәдениетке тұрақты көтерілу және барлық өмірлік актілердегі мәдениетті күнделікті қайта құру болса, онда тәрбиенің мақсаты даму процесінде өзінің өмір сүру нұсқасын өз бетінше құру қабілетін алатын тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Өмірдің түрлі нұсқаларымен танысу тәрбие мәселесін жоққа шығармайды. Осылайша:
оқушының дамуы өзі белсенділік танытып, әлеммен өзара іс-қимыл жасағанда орын алады;
бұл белсенділіктің сипаты жеке тұлғаның субъективті еркін қатынасымен анықталады;
педагогикалық ықпал тәрбиеленушіні әлеуметтік құндылықтарға белгілі бір қарым-қатынасқа бағыттауы тиіс;
педагогтың өзара іс-қимылы және баламен өзара іс-қимыл процесі қазіргі заманғы мәдениет деңгейінде және тәрбиелеу мақсатына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Педагог пен оқушылардың осы сөздің жоғары мағынасында өзара іс-қимылы бір-біріне өзара ықпалдан гөрі көп нәрсе болжайды. Өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін әңгімелесушілердің бір-бірін осы қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қабылдауы қажет, бұл жүйеде педагог - оқушы жиі кездеседі. Қарым-қатынастың қысқа сәті немесе ұзақ әсер ететін педагогикалық әсер тәрбие мақсатына сәйкес функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие әрқашанда барлық халықтар үшін қоғамның рухани өмірінің құбылысы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасының мәні баланы адам өмірінің ең жоғары құндылығы ретінде қарастыру. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құңдылықтарымен танысады. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді. Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалык өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлілігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шьнықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие түрлерін ажыратады. Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |