I тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет24/26
Дата21.05.2020
өлшемі0,64 Mb.
#70366
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Курстық жұмыс Тәрбие технология

Қосымша ақпарат

«Досы көпті жау алмас!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға дос ,достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым қатынасын нығайту.Оқушыларды адалдыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу.Жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

Жүру барысы:Шаттық шеңбер:

Әкел досым қолыңды

Татуласқан орынды

Өкпелесіп не керек

Көрсет кәне соныңды

Баққа бірге кірейік

Қол ұстасып жүрейік

Татулықтың белгісі

Кел қосылып күлейік

Топқа бөлу: 1-топ Достық 2-топ Сыйластық

Жүргізуші: Адам үшін ата –анадан кейінгі ең жақын-абзал дос Жақсы –адам жанынан шуақ іздеп достық шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ.Сондықтан біз бүгінгі Татулық –достық кілті атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер

1-бөлім: Достық аялдамасы

Достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар жауап береді.



Жүргізуші:Дос-сыр бөлісетін адам,мені өте жақсы түсінетін адам,көмекке әрдайым дайын адам,қандай жағдай болмасын бірге болатын адам,сенімді адам.

Татулық-бірін бірі ренжітпеу,ойыншықтарын т.б қолындағы заттарымен бөлісу,бірге ойнау

Түйін:Достық-адамдардың бір-біріне деген адалдығы өзара сыйластығы татулығы сүйіспеншілігі жанашырлығы қамқорлығының белгісі

Татулық- достар арасындағы ең тамаша қасиет

2-бөлім:Сөйлемді аяқта....

1-топқа Әрбір адамға дос керек.Өйткені...

2-топқа Сыйластық бар жерде......

Түйін:Татулық бар жерде достық бірлік сыйластық болатынын білдік

3-бөлім:Достық туралы өлең шумаққа кезекке берейік

Асылай
Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

Еркебұлан
Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.

Дильяра
Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.

Ақтілек
Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын,
Адал бол,
Шыншыл бол.
Өтірік айтпағын,
Сөзіңнен қайтпағын.

Наргиза
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет