Асиетжан Ілияс
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріңе
Сенімді боламыз.
Айзат
Әрқашан дос біргеміз
Ажырмас іргеміз
Ту ғып ұстап бірлікті
Тату тәтті жүреміз
Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар
Пікір алмасу
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Түйін:Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.
Көрініс:Ыбырай Алтынсарин Жаман жолдас
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Досы айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |