I тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет3/26
Дата21.05.2020
өлшемі0,64 Mb.
#70366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Курстық жұмыс Тәрбие технология

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Педагогикалық теория мен практикадағы тәрбие жүйесінің феномені жеткілікті дәрежеде пысықталды. Оны оқу орындарында құру қажеттілігі, әдетте, күмән тудырмайды. Тәрбие технологиясы педагогикада тәрбие үрдісін дамытудың тиімді құралы ретінде танылған.

Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. 

Тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі.

Осыған байланысты тәрбие жүйесіндегі тәрбие технологияларының орны мен рөлін, тұлғалық-бағдарлы тәрбие технологияларының ерекшеліктерін анықтау, тәрбие технологияларын пайдалану процесін ұйымдастыру және жағдай жасау өзекті болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет