I тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет7/26
Дата21.05.2020
өлшемі0,64 Mb.
#70366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Курстық жұмыс Тәрбие технология

Тәрбиенің міндеттері:

- озық педагогикалық-психологиялық ойларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қазақ ұлтының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдеті, ғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру;


-жалпы және кәсіби білім беретін пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейту, тәлім-тәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндерді, курстарды, факультативтерді оқуларды енгізу;

   - балалар мен жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру, өмірлік мақсат-мүдесін айқындауға, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу.   Қазақстан Республикасы өз алдына дербес, тәуелсіз ел қатарына қосылған соң, ұрпақ тәрбиесінде жаңа мақсат - міндеттер туындады, олар Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында жазылған. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.   Білім беру жүйесінің басым міндеттері жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін байыту.   Адамзаттық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.   Республиканың қоғамдық - саяси экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру.   Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет –ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасындағы ең өзекті мәселе - тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерісіндегі барлық субъектілердің, яғни тәрбие саласымен айналысатын педагог мамандардың іс – қимылдарын келістіру болып табылады». Тәрбие тұжырымдамасында тәрбиенің 11 бағыты нақтыланған, жаңа мазмұнда енгізілген бағыттары «Өзін-өзі тану мен өзін – өзі дамыту» қажеттілігін қалыптастыру, «Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру», «Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру» және «Интеллектуальды мәдениетті дамыту» жаңадан енгізілген жұмыс бағыттары бойынша тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін зерделеу, зерттеу, анықтау және кең тарату сынды жұмыстар жетілдірілуі қажет етеді.   Тәрбие үдерісі - тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеті.   Тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның сыртқы әсерлерді іштей қайта қорыта білуі маңызды орын алады. Адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасқа түсіп, өзінің белсенділігін көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырады.



А.С. Макаренко «Бала айнала қоршаған ортамен шексіз қарым-қатынасқа түседі, дамиды, баланың дене күші артып, адамгершілік қасиеті жақсарады. Жылдар өткен сайын баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы маңызды бола бастайды, қарым-қатынас даму мен тәрбиеге ықпал етеді» - деген.   Жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен байланысы – бұл тәрбие процесінің заңы. Ал даму - тәрбие нәтижесі.   Тәрбие үдерісінде адамның сана – сезіміне, ерік – жігеріне, мінез – құлқына, мақсатты әсер ету арқылы оның санаткерлік деңгейі дамытылады.   А.С. Макаренко: «Тәрбие логикасы, оқу логикасын қайталамайды, тәрбиенің өзіндік мазмұны, принциптері, әдістері бар», - деді.   Тәрбие үдерісінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тәрбие - қоғамдық құбылыс, өйткені қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологияның өзгеруімен байланысты. Тәрбиенің мақсат - міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.   Тәрбие мақсатты үдеріс.Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз болады.   Тәрбие – көп факторлы үдеріс, ол тек мектепте ғана емес, отбасында, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады. Тәрбие үдерісі - ұзақ әрі күрделі үдеріс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу үдерісімен жалғасып отырады.   Тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.   Тәрбие-көп жақты үдеріс. Жас өспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамның пайдалы еңбекке әзірлеу үдерісі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.   Тәрбие үдерісі – екі жақты,белсенді үдеріс.   Оқушылар міндетті түрде өзін - өзі тәрбиелеуі қажет, баланың ішкі белсенділігін ояту керек.Өзін - өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесі:  

  1. Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге;

  2. Сөзде және қылықтардағы турашылдық;

  3. Әрекетті жан – жақты ойластыру;

  4. Батылдылық;

  5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпай;

  6. Санасыз уақыт өткізбеу;

  7. Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану;

  8. Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру;

  9. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау;  

Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы тұлғаның мінез – құлқындағы кемшіліктері мен әрекетіндегі сәтсіздіктерді үнемі сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіруді көздейді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет